22.04.2021, 23:05 6492

"Бюджетке қатысу" бағдарламасы бойынша Алматы қаласының Әуезов ауданында абаттандыруға қатысты 22 жоба жүзеге асырылуда

Сондай-ақ, Әуезов ауданында Сайын-Жұбанов көшесінде үлкен скейт-алаңы пайда болады, Төле би-Яссауи, Момышұлы көшелерінің жаяу жүргіншілер аймағы жөнделеді.
АЛМАТЫ. 22 СӘУІР - Алматы қаласының Әуезов ауданында абаттандыруға байланысты қандай жобалар жүзеге асатыны туралы онлайн-брифинг барысында аудан әкімі Сайран Сайфеденов айтып берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сайран Сайфеденовтың айтуынша, кез келген қаланың келбетін қалыптастыру әрі дұрыс демалу үшін абаттандырылған аулалар, бульварлар, гүлзарлар мен саябақтар маңызды рөл атқарады. Карантин шаралары енгізілгеннен кейін абаттандырылған қоғамдық кеңістіктерге сұраныс артты. Қала тұрғындары таза ауада серуендеудің артықшылығын түсініп, бағалай бастады.
 

Ағымдағы жылы "Бюджетке қатысу" бағдарламасы аясында 22 жобаны жүзеге асыратын боламыз. Оның ішінде: 14–аула аумағы, жеті жерде қоғамдық кеңістік құрамыз, сондай-ақ Жетісу-2 шағын ауданындағы 6 үйдің қасбеттерін жарықтандырғымыз келеді. Сонымен қатар, екінші тоқсанда 3 және 6 шағын аудандардағы 73 ауланы абаттандыру бойынша жұмысты бастаймыз. Тағы 201 аула бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді", - деді Әуезов ауданының әкімі.

 
Сондай-ақ, Әуезов ауданында Сайын-Жұбанов көшесінде үлкен скейт-алаңы пайда болады, Төле би-Яссауи, Момышұлы көшелерінің жаяу жүргіншілер аймағы жөнделеді. Сайын-Шаляпин көшесінің қиылысында шағын алаң пайда болады. Тастақ - 1 шағын ауданындағы учаске тұрғындардың өтініші бойынша абаттандырылады.
 
Абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстарға ауданды көгалдандыру мәселесі қосылады. Сайран Сайфеденов хабарлағандай, биыл 500 ағаш көшеті, 600 бұта және 6 мың көшет - бұталы қоршау отырғызылды. 12 мың шаршы метралаңға гүлзарлар отырғызу жұмыстары басталды. Көгалдандыру мәселесімен "Велл" мердігерлік ұйымы айналысады. Әкім демеушілік қолдау арқылы 4000-нан астам раушан гүлі сатып алынғанын, олар қазірдің өзінде отырғызыла бастағанын атап өтті.
 
Ауданды көркейтуге есептік пробация қызметтері көмек көрсетеді. Күн сайын 4 сағаттан қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар аудан аумағын ретке келтіреді.
 
Аудан әкімі отырғызылған көшеттер мен гүлзарларға ұқыпты қараған жағдайда бірнеше жылдан кейін Әуезов ауданы тұтастай бір үлкен жасыл саябаққа айналатынын, ал бұл Алматының орталық бөлігінің экологиясына тиімді әсер ететінін атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны