27.04.2021, 22:20 4863

Сәуірдің қорытындысы бойынша вакциналауға жататын халықтың 20%-ы COVID-19-ға қарсы екпе алуы тиіс — Премьер-Министр

Вакциналау жоспары мен өңірлерге вакцинаны жеткізу графигін сақтау қажет.
НҰР-СҰЛТАН. 27 СӘУІР - Сәуірдің қорытындысы бойынша вакциналауға жататын халықтың 20%-ы COVID-19-ға қарсы екпе алуы тиіс, деп хабарлады Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгінгі таңдағы ең маңызды міндет – азаматтарымызды коронавирусқа қарсы вакциналаумен жаппай қамту. Сәуір айының қорытындысы бойынша вакциналауға жататын халықтың 20%-ы COVID-19-ға қарсы екпе алуы тиіс. Вакциналау жоспары мен өңірлерге вакцинаны жеткізу графигін сақтау қажет", — деді А. Мамин.

 
Премьер-Министр азаматтардың маска тағуы, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы және адамдардың көптеп жиналуына жол бермеу бойынша талаптардың қатаң сақталуы маңызды екенін атап өтті.
 
Үкімет басшысы бизнес-ортада "Ashyq" қосымшасын енгізуді кеңейтуді тапсырды, бұл кәсіпкерлерге енгізілген шектеу шаралары жағдайында өз қызметін жандандыруға мүмкіндік береді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлағандай, бүгінгі таңда санитарлық-эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақтанды. Вирустың репродуктивті индексі республика бойынша 1-ге дейін төмендеді. Инфекциялық төсек орындар 41%-ға, реанимациялық төсек орындар 28%-ға толы. Қазіргі уақытта COVID-19 таралу қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстары "қызыл аймақта" орналасқан. Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, қалған барлық өңірлер – "сары аймақта".
 
26 сәуірден бастап кәсіпкерлік нысандарында "Ashyq" қосымшасын кеңінен іске қосу жұмыстары басталды. Енді "Ashyq" қосымшасы аясында театрлар мен кинотеатрлардан басқа, дәмханалар, мейрамханалар, сауда-ойын-сауық орталықтары мен спорт объектілері, оның ішінде фитнес-залдар ашылуға дайын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны