28.04.2021, 20:07 10065

Алматыда алаяқтар кәсіпкерлерге "Бастау Бизнес" жобасының сертификаттарын ұсынады

Оқыту барысында жобаға қатысушыларды тек жоба кеңесшісі және әр топтың бизнес-тренері сүйемелдейді. Оқыту онлайн форматта 21 күн ішінде тегін негізде өтеді, сертификат курс аяқталғаннан кейін беріледі.
АЛМАТЫ. 28 СӘУІР - Алматы кәсіпкерлеріне "Бастау Бизнес" жобасына қатысушыларға ақша мен сертификаттар беретін алаяқтар туралы ескертілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Алматыда алаяқтар "Бастау Бизнес" жобасының қатысушыларына қомақты соммаға сертификаттар ұсынуда. Оңтүстік астананың тұрғындары емтихандарды тапсыруға, бизнес-жоспар құруға, сондай-ақ "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаны туралы сертификат алуға көмектесе алатын бір компаниядан месенджерлер арқылы жаппай хабарлама алуда. Хабарламада компанияның 3 жыл бойы осындай қызметтермен айналысатындығы жөнінде айтылған", - деп хабарлады Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінде.

 
Осыған байланысты, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың барлық қызметтері өтеусіз негізде жүзеге асырылатынын хабарлайды. Оқыту барысында жобаға қатысушыларды тек жоба кеңесшісі және әр топтың бизнес-тренері сүйемелдейді. Оқыту онлайн форматта 21 күн ішінде тегін негізде өтеді, сертификат курс аяқталғаннан кейін беріледі.
 

Осындай алаяқтық сипаттағы хабарламаларды жаппай жібермеуді және бөгде адамдардың қызметтерін пайдаланбауды сұраймыз", - деп Палата директоры Айтуар Қошмамбетов хабарлады.

 
Жоғарыда атап өткен хабарлама бойынша ақпарат "Атамекен" ҰКП қауіпсіздік қызметіне жіберілді.
 

Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз немесе сізге сертификат алуға немесе "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша оқуға байланысты өз қызметтерін ақша немесе сыйақы үшін ұсынатын бейтаныс адамдардан қоңыраулар келіп түссе, әрекет етпеуіңізді және бірден Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына жүгінуіңізді сұраймыз. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша қажетті ақпарат пен кеңесті келесі байланыс нөмірлері бойынша алуға болады: кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің 1 санатты сарапшысы Мадиев Темірлан – тел.: 331-01-33 (7553), +77753935273, кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Ибрагимов Нариман - тел.: 331-01-33 (7589), +77759518651", - делінген хабарламада.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны