31.05.2021, 20:21 9190

Алматының тарихи орталығының келбеті сақталады

Қорғалатын аймақтардағы тарихи және мәдени ескерткіштердің құрылымын және тарихи ғимараттардың стилі, пропорциясы мен биіктігін бұзуға тыйым салынады.
АЛМАТЫ. 31 МАМЫР - Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Алматының Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов қала құрылысын ерекше реттеу аймақтары және оларға нелер жататыны туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
А. Ахмеджановтың айтуынша, қала құрылысының ерешке аймақтарына шекарасы қаланың Бас жоспарында бекітілген қала құрылысының ерекше бақылауындағы тарихи орталықтар, сондай-ақ тарихи және мәдени ескерткіштер қорғалатын аймақтар жатады.
 

Тарихи орталық шекарасында реставрациялық әрі заңнамада көрсетілгендей, ескерткіштерді жаңғырту немесе қорғау бойынша жұмыстар жүргізуге, қасбеттік шешімдерді және абаттандыруды сақтай отырып, кәсіпкерлік қызметтер үшін тұрғын үйлерді немесе олардың бірінші қабаттарын қайта жабдықтауға рұқсат етіледі", - деді А. Ахмеджанов.

 
Сондай-ақ, рұқсат етілген биіктіктен, қоршаған аймақтағы құрылыстардың орташа биіктігінен асып кетуге, тарихи аймақтағы әрі 50 метрге дейінгі радиустағы тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғалатын аймақтарындағы сәулеттік шешімінің бұзуылуына жол берілмейді.
 
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда "Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау ережелері" қабылданды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны