02.06.2021, 23:40 10920

Депутаттар қаржы пирамидаларын жарнамалайтын танымал адамдарды жауапқа тартуды талап етеді

НҰР-СҰЛТАН. 2 МАУСЫМ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Юрий Ли қаржы пирамидаларына қатысты Бас прокуратураға сауал жолдады.
 

Бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі осы қылмыс түріне байланысты жаңа оқиғалар жарияланып келеді. Соңғы үш жылда келтірілген шығын сомасы ондаған миллиард теңгемен есептеледі", - деді Юрий Ли.

 
Депутаттық сауалда пирамидаларға танымал блогерлер мен вайнерлердің қатысуы мәселесіне де назар аударылды. Бұл тұрғыда ASTEX.KZ ЖШС, ACD technology ЖШС және MUDARABAN Capital ЖШС бойынша соңғы резонансты оқиғалар аталды.
 

Бұл адамдар (блогерлер мен вайнерлер) қаржы пирамидасының жарнамасына белсенді қатысып, тәуекелсіз инвестициялар деп жоғары табыс уәде етілді. Қазір бұл танымал адамдар өздері де ақша салып, алданып қалғандарын, сондай-ақ қаржы пирамидасы ұйымдастырушылары тарапынан зардап шеккенін айтып жатыр. Дегенмен факті деген бар, жарнама роликтерінде кадрлар сақталған", - деді депутат.

 
Осы орайда Юрий Ли ASTEX.KZ ЖШС, ACD technology ЖШС және MUDARABAN Capital ЖШС қаржылық пирамидасы жарнамасына қатысқан танымал адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкіндігі жайында сұрады.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы полициясы Astex.kz пен ACD Technology қаржы пирамидасынан зардап шеккендерді іздеуде.
 
Биыл мамыр айының орта кезінде Алматыда ірі қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ұсталды. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны