08.06.2021, 21:05 13754

Ақмола облысында мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды

КӨКШЕТАУ. 8 МАУСЫМ - Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау, "Нұр Отан" партиясының "Өзгерістер жолы: барлығына лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасын іске асырудың республикалық Жол картасын іске асыру мәселелері қаралды", - деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

 
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтын Ақбарова әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедек адамдарды әлеуметтік оңалту құралдарымен, қызметтерімен қамтамасыз ету туралы хабарлады.
 

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдары және әлеуметтік қызмет көрсету бойынша, оның ішінде санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекшінің қызметі, ымдау тілі маманының қызметі және т.б. қызметтердің 24 түрін көрсету жалғасуда. Бүгінгі күні "е-Собес" ААЖ тағайындалған көмек түрлерінің саны 8 705 іс - шараны құрайды, оның ішінде 7 403 іс-шара әлеуметтік қызметтер порталына жолданды, 1 587 көмек түрі орындалды, 2 766 ішінара берілді, 2 896 іс-шара орындалуда", - деп түсіндірді Ақбарова.

 
 "Кедергісіз келешек" партиялық жобасын іске асыру аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 335 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Мониторингтік топтар жыл басынан бері 244 нысанды аралады, қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға 174 хат пен 70 нысан иелеріне ұсынымдар жолданды.
 
Ведомствоның ақпараты бойынша, 2019-2020 жылдары облыс бойынша бейімдеу іс-шаралары 253 объектіде жүргізілді. Мүгедектігі бар адамдарды кәсіби және әлеуметтік оңалту бойынша жобаны іске асыру туралы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Уақыт Бейсембаев айтып берді. Оның айтуынша, мамыр айынан бастап Көкшетауда "Өмір" отбасылық тәрбие орталығы" қоғамдық бірлестігімен "Тең қоғам" жеке тұлғаны әлеуметтік-кәсіби дамыту орталығы ашылды. Бүгінгі күні бағдарламаға мүгедектігі бар 20 адам, жұмыс істемейтіндер, құрылыс-техникалық колледжінің түлектері, жастар практикасы бағдарламасы бойынша жұмыс істейтіндер, сондай-ақ жұмыспен қамту орталығының қоғамдық жұмыстарында жұмыс істейтіндер қатысады.
 

Орталық жұмыс істеген сәттен бастап ертегі терапиясы әдістемесін пайдалана отырып, психологпен 3 топтық тренинг өткізілді. Қажеттіліктер мен алдын ала жазылу бойынша 13 жеке кеңес өткізілді", - деп қосты спикер.

 
Отырыс қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері жергілікті атқарушы органдар үшін ұсынымдар мен ұсыныстар әзірледі, деп қорытындылады ІСБ.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны