15.06.2021, 17:41 7425

Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты

Қазақстан Республикасы 6 маусымнан бастап "жасыл" аймақта тұр.
НҰР-СҰЛТАН. 15 МАУСЫМ - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысы барысында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қазақстанда 15 маусымдағы жағдай бойынша КВИ+ 402 996 науқас және КВИ- 56 705 жағдай тіркелгенін хабарлады. Пациенттердің 94% жазылып шықты.
 
Қазақстан Республикасы 6 маусымнан бастап "жасыл" аймақта тұр. "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы қалып отыр.
 

Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 16%-ға төмендеді. Республика бойынша 15 маусымдағы жағдай бойынша инфекциялық төсек орындардың жүктемесі 23% (6 655 төсек), реанимациялық төсек орындарының жүктемесі 21% (568 төсек) құрады", — деді А. Цой.

 
Бүгінгі таңда әлемде КВИ-дің 176 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 290 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 3,8 млн-нан астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші 2,1% құрады.
 

Соңғы аптада ТМД елдерінде, оның ішінде Ресей Федерациясында коронавирус инфекциясының өскені байқалды, өткен аптамен салыстырғанда вирус анықталған жағдайлардың саны 1,5 есе өсті, Мәскеу қаласында аурудың өсуін ескере отырып, қосымша шектеу шаралары қайта енгізілуде", - деп атап өтті министр.

 
Оның айтуынша, бүгінгі күні вакцинаның шамамен 4 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде 1-компоненті 2 547 363 адам алды, бұл вакцина алуға жататын халықтың 25,7%-ын құрайды. Екінші компонентті 1 435 334 адам алды.
 

1 компонентпен вакциналаудың ең аз пайызы Маңғыстау облысында — 13,2%, Қостанай облысында — 19,5%; екінші компонент Маңғыстау облысында — 7,3%. Облыстардың, қалалардың әкімдері халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаумен қамтуды жеке бақылауға алсын, қосымша ынталандыруды пысықтасын және халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін", - деді Цой.

 
Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтауға және халықты вакциналауға ерекше назар аударуды тапсырды. 
 

Маска тағу режимі, әсіресе, ғимарат ішінде сақталады. Мониторингтік топтар жұмысты жандандырсын. Аймақтағы көршілерімізде аурудың өсуі байқалады, сондықтан қосымша алдын алу шараларын қабылдау қажет. Ең алдымен, вакцинамен қамтуды кеңейту керек. Вакциналаудың күнделікті көлемін арттырған жөн", — деді А. Мамин.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны