15.06.2021, 18:27 9403

Арал теңізінің түбінде сексеуіл отырғызу жоспарлануда

Ағаш отырғызу жылжымалы құмдарды бекітуге, улы аэрозольдарды шығаруды азайтуға және жерді органикалық заттармен қанықтыруға мүмкіндік береді.
НҰР-СҰЛТАН. 15 МАУСЫМ - Арал теңізінің түбінде 2021 жылдан 2030 жылға дейін 1,1 млн гектар жерге сексеуіл отырғызу жоспарлануда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазіргі уақытта Арал теңізінің құрғаған түбінің қазақстандық бөлігінің ауданы 2,2 млн гектарды құрайды. Алдағы он жыл ішінде (2021-2030) 1,1 млн гектар жерге сексеуіл отырғызу жоспарда бар. Бірнеше апта бұрын арнайы экспедиция жұмыс жасап келді. Өсіп тұрған екпелерге тексеру жүргізілді. Табиғи жолмен өсіп тұрғандарды санағанда ауданы 337 мың га құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз сексеуілді отырғызу бойынша кешенді бағдарлама әзірлеп жатырмыз", - деді Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

 
Министрдің айтуынша, ағаш отырғызу жылжымалы құмдарды бекітуге, улы аэрозольдарды шығаруды азайтуға және жерді органикалық заттармен қанықтыруға мүмкіндік береді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны