16.06.2021, 23:44 13291

Қазақстан Ресеймен және Қырғызстанмен шекарадағы шектеу шараларын сақтап қалды

НҰР-СҰЛТАН. 16 МАУСЫМ - Ресей мен Қырғызстандағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан осы елдермен шекарадағы шектеу шараларын сақтап қалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгінде көршілес елдерде аурудың ушығып жатқаны белгілі. Әсіресе, Ресей Федерациясында, Қырғызстанда. Соған байланысты шекарадағы шектеу шаралары сақталған. Адамдар жүретін жолдар жабық. Тек әуе қатынасына ғана рұқсат берілген. Оның ішінде эпидемиологиялық ахуалы жақсарған 14 мемлекетке ұшуға болады. Ұшып келген адамдардың барлығы ПТР тест нәтижесімен елімізге қабылданады. Егер ПТР тест болмаса, немесе адам ауру болса, ол елдеріне кейін қайтарылады", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният өз жауабында. 

 
ДСМ хабарлауынша, Сыртқы істер министрлігі коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау паспорттарын өзара тану мәселесін пысықтауда. Осылайша, қазірдің өзінде Қазақстан Венгриямен, Таиландпен және Моңғолиямен өзара түсіністікке қол жеткізді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны