23.06.2021, 19:56 12613

Ақмола облысында оқушылар арасында дебаттық турнир өтті

Дебаттық турниріне облыстың 12 ауданы мен Степногорск және Көкшетау қалаларынан 60 дебатерлерден 32 команда қатысты.
КӨКШЕТАУ. 23 МАУСЫМ - Ақмола облысында Тәуелсіздік мерейтойына арналған оқушылар арасындағы дебаттық турнир өтті. Іс-шара ZOOM платформасы арқылы онлайн өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөзмқызметіне сілтеме жасап.
 

Турнирді облыстық білім басқармасы мен "Ақмола дарыны" Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырды", - деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

 
Ұйымдастырушылар атап өткендей, іс-шара оқушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, жастардың жауапкершілігін, шығармашылық және сыни ойлау қабілетін тәрбиелеу, елдегі мектептегі дебаттық қозғалысты дамыту мақсатында өткізілді.
 

Дебаттық турниріне облыстың 12 ауданы мен Степногорск және Көкшетау қалаларынан 60 дебатерлерден 32 команда қатысты. Сондай-ақ, шараға облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарының жас дебатерлері қатысты. Оқушылар түрлі тақырыптар бойынша үш тілде сөйлесті", - деп хабарлады білім басқармасынан.

 
Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасында Степногорск қаласының дарынды балаларға арналған "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының "Жалын" командасы жеңімпаз атанды. Орыс лигасында Көкшетау қаласының "Простодушные" командасы жеңіске жетті. Ағылшын лигасында Степногорск қаласының Aurora командасы бірінші орынға ие болды, деп нақтылады ІСБ.
 
Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, ал жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. Қалған қатысушылар Ақмола облысы білім басқармасының сертификатына ие болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны