30.06.2021, 23:45 12803

Осы жылы Семей полигонының аумағын экологиялық зерттеу аяқталады

Семей сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына полигонның ластанған жерлерінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау жоспарлануда.
НҰР-СҰЛТАН. 30 МАУСЫМ - 2021 жылы Семей полигонының аумағын экологиялық зерттеу аяқталады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстанда 2021 жылы бұрынғы Семей сынақ полигонының бүкіл аумағын кешенді экологиялық зерттеуді аяқтау жоспарлануда. Зерттеумен қамтылған жалпы аудан 18 311 шаршы км (аумақтың 100%) құрайды. Зерттеу нәтижесінде бұрынғы сынақ алаңының барлық аумағының радиоэкологиялық жағдайы анықталады", - деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде.

 
Семей сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына полигонның ластанған жерлерінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау жоспарлануда.
 
Бұған дейін Қазақстанның Энергетика министрлігі Семей полигоны маңындағы радиация деңгейі халық үшін қауіп төндірмейді деп сендірген болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны