02.07.2021, 23:40 11870

Алматыда коронавирус ауруы екі есе өсті

АЛМАТЫ. 2 ШІЛДЕ - Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде соңғы екі аптада мегаполисте КВИ дерті 1143-тен 2377 жағдайға дейін өскенін айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Алматыда 17 маусымнан бастап эпидемиологиялық жағдай барынша контагиозды мутацияланған жаңа "дельта" штаммының таралуына байланысты күрделене түсті. Өткен аптада ПТР нәтижелері алдыңғы 7 күндегі 130-ға қарағанда тәулігіне 215-ке дейін өсті", – деді қаланың бас санитарлық дәрігері.

 
Ол биылғы жылы мегаполисте қазірдің өзінде 56 мыңнан астам вирус жұқтырғандардың, оның ішінде маусым айында 4 573 жағдайдың тіркелгеін айтты. 
 
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында дерт өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 есеге артқан.
 
Естеріңізге сала кетейік, Алматы КВИ таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймақта орналасқан. Соңғы тәулікте мегаполисте КВИ жұқтырудың 353 жаңа жағдайы анықталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны