14.07.2021, 20:35 9945

Қастеев музейінің ТК тұрғындарымен қақтығысы туралы Мәдениет министрлігінде түсініктеме берілді

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамада көрсетілгендей дәл осындай тарихи-мәдени ескерткіш аумағында құрылыс жұмысын жүргізуге шектеу бар.
АЛМАТЫ. 14 ШІЛДЕ - Мәдениет министрлігінде Қастеев музейінің Central Esentai Residence тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен қақтығысы туралы түсінік берілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тұрғын үй кешенінің тұрғындары мұражайда кондиционерлер қатты жұмыс істейді деп шағымданды.
 

Санитария-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қорытындысына сәйкес, музейдің салқындату және ауа айналу жүйесінен шығатын дыбыс рұқсат етілген нормадан асатыны анықталып, мұражайға 230 АЕК (670 мың теңге) айыппұл салынды. Ал бұл олқылықтың орнын толтыруға 30 күн берілді. Бүгінде мұражай басшылығы айыппұлдың 50%-ын төлеген. Бұл мұражай республикалық маңызы бар қала құрылысы мен сәулет ескерткіші қатарына жататынын, 1983 жылдан бастап мемлекеттік тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне кіретінін атап өткіміз келеді. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамада көрсетілгендей дәл осындай тарихи-мәдени ескерткіш аумағында құрылыс жұмысын жүргізуге шектеу бар. Заңда қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлау, салу және реконструкциялау жобасы, тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан жерді пайдалану картасы уәкілетті органмен келісілуі керек екені көрсетілген", - деп атап өтті ведомствода.

 
Алайда мұражайдың аумағына осы көп қабатты тұрғын үй кешенін салуға Министрлік келісім берген жоқ.
 

Мұражайдың салқындату және кондиционерлеу жүйесі мұражайдың өзі құрылған сәттен бастап, яғни 1976 жылы жүргізілгенін атап өткен жөн. Бұл ғимараттың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі, ал ғимараттың сыртында тұрған қазіргі тоңазытқыштар 2008 жылы орнатылды. Олар штаттық режимде жұмыс істейді. Жыл сайын профилактикалық қызмет көрсетуден өтеді және өндірушінің сипаттамаларына сай келеді. Яғни, музейдің салқындату және кондиционерлеу жүйесі ұлттық мәдени мұраны сақтаудың кепілі және кез-келген музейдің сапалы жұмысын қамтамасыз етудің міндетті бөлігі", - деп нақтылады Мәдениет министрлігінде.

 
Дер кезінде әрекет етудің арқасында мұражай мен Central Esentai Residence тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізген тарап келіссөз жүргізді. Оның нәтижесі бойынша құрылыс жүргізген тарап бұл жағдайды реттейтінін жеткізіп, уағдаластыққа қол жеткізді.
 

Бұл мәселе еліміздің тарих және мәдениет ескерткіші ретінде мұражайдың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты бақылауда болды және болады", - деп атап өтті министрлікте.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны