10.08.2021, 18:48 6130

Репатриациялық рейстер Қазақстан мен Моңғолия азаматтары үшін ашық

Арнайы рейстер Моңғолияға оралғысы келетін Қазақстан азаматтары мен Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар Моңғолия азаматтарын, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін қабылдауға дайын.
АЛМАТЫ. 10 ТАМЫЗ - Қазақстанда отанына оралғысы келетін Моңғолия мен Қазақстан азаматтары үшін арнайы рейстер жоспарланған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі мен "HunnuAir" авиакомпаниясы 14 тамызда Ұлан-Батор - Нұр-Сұлтан - Ұлан-Батор және 2021 жылы 19 тамызда Ұлан-Батор - Алматы - Ұлан-Батор бағытында арнайы рейс ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жоғарыда көрсетілген арнайы рейстер Моңғолияға оралғысы келетін Қазақстан азаматтары мен Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар Моңғолия азаматтарын, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін қабылдауға дайын. Сонымен қатар, Қазақстанға көші-қон заңнамасын бұза отырып келген Моңғолия азаматтары да репатриациялық рейстермен өз отанына орала алады. Ол үшін олар Алматы қаласы полиция Департаментінің көші-қон қызметі Басқармасына Қарасай батыр көшесі, 109а мекенжайы бойынша хабарласуы қажет", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны