26.08.2021, 19:06 5661

Қазақстанда Қарулы Күштерге шақырылғандар саны артады

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап күзгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шаралары басталады.
НҰР-СҰЛТАН. 26 ТАМЫЗ - Қазақстанда өткен жылдармен салыстырғанда Қарулы Күштерге әскерге шақырылушылардың санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл туралы бүгін ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов хабарлады. 
 

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап күзгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шаралары басталады. Жыл соңына дейін жалғасатын күзгі әскерге шақыру кампаниясы барысында ҚР Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, жасы 18-ден 27 жасқа дейінгі 17 мыңға жуық жас жігіт толықтырады", - деді Жүсіпов. 

 
Оның айтуынша, әскерге шақыру кампаниясы екінші жыл пандемия жағдайында өткізіліп жатыр. 
 

Әскерге шақыру және жиын пункттерінде коронавирус инфекциясының алдын алудың және оның таралуына жол бермеудің практикалық тәжірибесі пысықталған. Әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет жүргізілетін болады, яғни, әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде және әскери бөлімдерге келген кезде. Белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтау, медициналық маскалармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету ұдайы Қорғаныс министрінің бақылауында", - деп атап өтті департамент басшысы.

 
Сонымен қатар, алдағы әскерге шақыру барысында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 қызметінің сервисі арқылы әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар таратуды жалғастыру жоспарланған.
 

Хабардар ету процесінен жеке қарым-қатынас жасауды алып тастау инфекция жұқтыру қаупін азайтады", - деді спикер. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны