01.09.2021, 18:49 8252

Тоқаев Қазақстанның жаңа мәселесі туралы айтты

Ол Үкіметке қолжетімді және инклюзивті ету үшін елдегі білім беру сапасын арттырумен айналысуды тапсырды.
НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанда білім беру сапасын арттыру қажет. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа арнаған Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тағы бір проблема, нағыз қиындық осы деуге болады, балалар оқуын тастап кетіп жатыр. Өйткені білім алуды қажет деп санамайтын болды. Үкіметке бұл мәселемен, атап айтқанда қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсартумен мықтап айналысуды тапсырамын. Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс", - деді Тоқаев.

 
Сонымен бірге, оның айтуынша, жағымды жаңалығымыз да бар. Биыл бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.
 

Ондай дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз. Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн. Тұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты аясында қолдау көрсету айрықша маңызды. Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет. Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуіміз керек деп санаймын", - деп атап өтті Президент.

 
Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі, президенттің айтуынша, – мектептердегі орын тапшылығы. 
 

225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін", - деді Мемлекет басшысы.

 
Бұған дейін дәстүрлі Тамыз кеңесінде Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдері жаңа мектептер салу есебінен оқушы орындарының тапшылығы қысқаратынына уәде берген болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны