01.09.2021, 19:48 8025

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу үшін "Отбасы банкіне" аударуға рұқсат етіледі

Мұндай ұсынысты бүгін Қазақстан Президенті өз Жолдауында айтты.
НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚЫРКҮЙЕК - Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін "Отбасы банкінің" шотына аударуды ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Президенттің айтуынша, ол бұған дейін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану туралы бастаманың оң әсері туралы айтты. Сондай-ақ, бұл қадам адамдардың жұмыс берушілерден еңбекақыны ашық төлеуді талап етуіне жол ашты.
 

Осы үрдісті қолдау үшін зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу мақсатында "Отбасы банкіндегі" есепшотқа аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын. Сонымен қатар, бұл қадам жұрттың қаражат жинауды және оны сауатты жұмсауды дағдыға айналдыруына мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы өз Жолдауында.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны