09.09.2021, 19:15 8439

Көкшетауда студенттер арасында тілдерді білу бойынша зияттық ойын өтті

КӨКШЕТАУ. 9 ҚЫРКҮЙЕК - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған онкүндік аясында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде "Своя игра" атты зияттық викторина өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Іс-шараны ұйымдастырушылар - облыстық жастар ресурстық орталығы атап өткендей, викторина студенттердің мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, Қазақстан халқының басқа да тілдерінің білімін кеңейту, жастардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді.
 
Викторинаға бес команда қатысты, олардың әрқайсысы үш қатысушыдан тұрды. Студенттер тарих, әдебиет, мәдениет бойынша сұрақтарға жауап беріп, әртүрлі тілдердегі мақал-мәтелдер туралы білімдерін көрсетті.
 

Ойын жоғары деңгейде өтті. Әр команда қызығушылық пен белсенділік танытты, командада жұмыс істей алды. Балалар мемлекеттік тілді ғана емес, басқа тілдерді де жақсы білетіндерін көрсетті. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және оларға табыс тілейміз", - деп атап өтті жастар ресурстық орталығының маманы Ақылбек Ахметов.

 
Зияттық ойын соңында әр командаға ұйымдастырушылар атынан сертификаттар табысталды.
 
Айта кетейік, өңірде Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында екі мыңға жуық түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны