15.09.2021, 20:55 8999

БҒМ ЖОО оқытушыларының жалақысын көтерді

Енді университет оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге алатын болады.
НҰР-СҰЛТАН. 15 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР БҒМ-ге ведомстволық бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы осы жылдың қыркүйегінен бастап өсті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Енді университет оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушы кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алады, деп хабарлайды Білім министрлігінің баспасөз қызметі.
 

Сондай-ақ, бір ставканың максималды көлемі енді бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды. Яғни, оқу жүктемесі төмендетіледі. Өзгеріс профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми қызметпен айналысуы үшін мүмкіндік пен уақыттың көбірек болуын көздейді", — деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

 
БҒМ бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырғанын еске салды. 2019 жылғы қыркүйекте БҒМ-ге ведомстволық бағынышты жоо профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысы 20%-ға, 2020 жылғы қыркүйекте тағы да 20%-ға ұлғайтылды. Жалақыны едәуір арттыру барысында оның минималдық мөлшері және педагогикалық жүктеменің максималды көлемі белгіленді.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны