22.09.2021, 19:28 10724

Президент Қалжыр өзенінің ластануына кінәлілерді жазалауды тапсырды

Мақалада жеке компаниялар жүргізетін алтынды заңсыз барлаудың салдарынан өзен суындағы зиянды заттардың мөлшері 17 есе артқаны айтылған.
НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚЫРКҮЙЕК - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалжыр өзенінің ластануымен күресуді тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 

"Айқын" газетінің бүгінгі нөміріне "Қалжырды кім ластап жатыр?" деген мақала жарияланған еді. Онда Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер қатты ластап жатқаны туралы өте өзекті мәселе көтерілген. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аталған проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді", - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

 
Мақалада жеке компаниялар жүргізетін алтынды заңсыз барлаудың салдарынан өзен суындағы зиянды заттардың мөлшері 17 есе артқаны айтылған. Қалжыр - Күршім ауданындағы ең ірі өзендердің бірі. Аудан тұрғындары күн сайын одан суды пайдаланады. Өзен бойында 10-ға жуық елді мекен орналасқан. Алтын өндірушілер өзеннің түбін қазып қана қоймай, ағаштарды да кеседі. Оның үстіне, мақалада айтылғандай, жұмыс рұқсатсыз жүргізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны