08.11.2021, 16:27 80096

Алматыда коронавирусқа қарсы ревакцинация қалай өтеді

Алматыда коронавирусқа қарсы ревакцинация қалай өтеді
Сурет: ашық көздерден
АЛМАТЫ. 8 ҚАРАША - Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова Алматыда коронавирусқа қарсы ревакцинацияның қалай өтетіні туралы айтып берді.
 
Эльвира Ибрагимова Алматыда коронавирусқа қарсы жаппай ревакцинация қараша айының соңында басталатынын айтты.
 
Спикердің сөзінше, қазір қалада ресейлік "Sputnik V", қазақстандық "QazVac" және қытайлық "Vero Cell" вакциналарымен тұрғындарды қайта вакцинациялау жоспары тұр.
 

Бізде вакцина жеткілікті, ревакцинация қарашаның үшінші онкүндігінде басталады. Ревакцинация дегеніміз - адамдардың екпенің бірінші және екінші бөлігінен кейін алатын дозасы. Яғни, сіз алғашқы екі дозаны аласыз, содан кейін үшінші - күшейткіш дозасы салынады. Бұны ревакцинация деп атаймыз", - деді Эльвира Ибрагимова. 

 
Сондай-ақ, Эльвира Ибрагимова ревакцинацияға барған адамға қандай екпе салдыру қажеттігін айтты.
 

Біз ревакцинация кезінде алдыңғы екі дозаға ұқсас вакцинаны салдыруға кеңес береміз. Бүгінгі күні бізде вакцинаның екі түрі бар: инактивацияланған және векторлық вакцина. Векторлық - "Sputnik V", қалғаны - инактивацияланған вакциналар. Бұл ретте векторлық вакцина алған адамдар - тоғыз айдан кейін инактивацияланған түрімен қайта вакциналанады, ал инактивацияланған вакцина алған адамдар - алты айдан кейін векторлық түрімен қайта вакциналанады", - деді ол.

 
Сонымен қатар, ол үшінші дозаны кез келген емханада немесе вакцинация пунктінде алуға болатынын айтты.
 
Коронавирусқа қарсы ревакцинацияның алдында антиденеге тест тапсырудың қажет жоқ. Эльвира Ибрагимованың айтуынша, ревакцинацияның мерзімі келгенде антидене талдауынсыз-ақ, қайта екпе алуға болады.
 

Егер адамдар талдау жасатқысы келсе, оған еш қарсылық жоқ. Бірақ бұл вакцинациядан бас тартуға себеп бола алмайды. Сондықтан бұл жерде антиденелердің деңгейі маңызды емес. Вакцинаның екі компонентін алып, уақыт өте келе антидене жоқ екенін көрген азаматтарға қайта вакцина алуды ұсынамыз", - деді спикер. 

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны