18.11.2021, 19:42 15167

Алматы метросында пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды

Үш жас жігіт музыкалық колонканың көмегімен әуенді қатты дауысқа қойып, азаматтардың наразылығына назар аудармаған.
АЛМАТЫ. 18 ҚАРАША - Алматы метросының жолаушыларына пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды. 
 
Метрополитендегі Полиция басқармасының мәліметінше, үш жас жігіт Алматы метросының жолаушыларына пранк жасаған. Олар музыкалық колонканың көмегімен әуенді қатты дауысқа қойып, азаматтардың наразылығына назар аудармаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
 

Кейбір жолаушылар әуеннің кенеттен ойнағанын күтпегендіктен, қорыққан. Олардың бірі "Жібек жолы" бекетінде қызмет ететін полиция қызметкерлерінен көмек сұрады. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар инспектордың заңды талаптарына қарсылық танытты. 19 және 22 жастағы А., К. және А.есімді азаматтардың әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша квалификацияланған. Әкімшілік істің материалдары жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", – деді Метрополитендегі ПБ бастығының орынбасары Қайрат Жұрұнов.

 
 
Ақпарат көзі: polisia.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны