15.12.2021, 19:28 156786

Оңтүстік Қазақстан университеті еріктіге малды құрғақшылықтан құтқарғаны үшін тегін оқыту ұсынды

Биыл жазда мал қырылған өңірлерге шөп жеткізіп көмектескен Құрмет Талапқазы тегін оқу құқығын алды.
ШЫМКЕНТ. 15 ЖЕЛТОҚСАН - Биыл жазда мал қырылған өңірлерге шөп жеткізіп көмектескен Құрмет Талапқазы тегін оқу құқығын алды. Бұл туралы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің Facebook-тегі парақшасы хабарлады.
 

Білім және ғылым министрінің жоғары оқу орындары ректорларымен өткізген жиналысында Шымкент қ. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылығына қала тұрғыны Құрмет Талапқазыға тегін оқу құқығын беру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. Бүгін Құрмет Талапқазы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқи алады деген шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

 
Еске салайық, 2021 жылдың жазында еліміздің батыс өңірлерінде мал өліміне себеп болған құрғақшылықта Шымкент қаласының тұрғыны Құрмет Талапқазы шөп шабу, сондай-ақ қуаңшылық өңірлерге азық жеткізу үшін қаражат жинау үшін еріктілер жұмысын ұйымдастырған болатын. Құрмет Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының қуаңшылық аудандарына шөп жинап, жөнелтті.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны