23.12.2021, 18:27 12511

Атырау облысы әкімінің орынбасары тергеу изоляторына орналастырылды

Атырау облыстық соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы екі айға қамауға алу шарасын алды.
Атырау облысы әкімінің орынбасары тергеу изоляторына орналастырылды
АТЫРАУ. 23 ЖЕЛТОҚСАН - 22 желтоқсанда Атырау облыстық соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы екі айға қамауға алу шарасын алды. Енді сот басталғанша ол тергеу изоляторында болады.
 
Б.Хаменованы қамауға алу туралы Атырау облысының прокуратурасы өтініш берді. Шенеунік тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды.
 
Еске сала кетсек, 12 желтоқсанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты Б.Хаменоваға қатысты үй қамаққа алу шарасын алған болатын. Ол және орблыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн. теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 млн. теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді. 
 
Ақпарат көзі: azh.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны