09.01.2022, 12:55 576

Қазақстанда азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20%-ға өседі

Қазақстанда азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20%-ға өседі
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚАҢТАР - Қазақстанда 2022 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20%-ға өседі, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі өзінің телеграм-каналында, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын 2022-2025 жылдар кезеңінде жыл сайын орта есеппен 20% - ға арттыру басталады. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады", - делінген хабарламада.

 
Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және т.б. мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 591 мың азаматтық қызметшіге еңбекақыны көтеру әсер етеді.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:жалақыӨсу

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны