20.01.2022, 18:23 37561

Погромнан зардап шеккен кәсіпкерлер үш айға коммуналдық төлемдерден босатылады - Сағынтаев

Погромнан зардап шеккен кәсіпкерлер үш айға коммуналдық төлемдерден босатылады - Сағынтаев
Сурет: Anastasia Romanova | facebook
АЛМАТЫ. 20 ҚАҢТАР - Алматыда погромдардан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілері үш ай мерзімге коммуналдық төлемдерден босатылады, деп мәлімдеді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев брифингте, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Әкімдік өз тарапынан ШОБ-ке қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетеді: Зардап шеккен ШОБ 3 айға коммуналдық шығындардан босатылады; Коммуналдық нысандар бойынша ШОБ жалға беруден 6 ай мерзімге босатылады", - деді Сағынтаев.

 
Соңғы мәліметтерге сәйкес, қалада 67 млрд теңгеге 1 600-ге жуық бизнес субъектісі зардап шеккен. Оның 95%-ын 43 млрд теңге шығын сомасымен ШОБ субъектілері құрады. Әкімнің айтуынша, Үкімет комиссиясы залалды өтеу тетігін бекітті.
 

Кәсіпкерлер растайтын құжаттары бар өтінішті infokazakhstan.kz порталы арқылы қарау үшін жіберулері тиіс. Тетік бойынша – өтеу жоғалған мүліктің құны не оны қалпына келтіру жұмыстарының құны бойынша жүргізілетін болады. Өтінімдерді қарау және өтеу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін менің орынбасарымның төрағалығымен жеке Комиссия құрылады. Жұмыс "Атамекен" ҰКП-мен, кәсіби қауымдастықтармен тығыз өзара іс-қимылда жүргізілетін болады", - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

 
Ол, сондай-ақ, қазіргі уақытта зардап шеккен бизнеске жеңілдіктер бойынша жеке жалға берушілермен келіссөздер жүргізіліп жатқанын ататп өтті.
 
Әкім Almaty Business-2025 қалалық бағдарламасына келесі өзгерістер енгізілетінін хабарлады:
 
1) Зардап шеккен шағын және орта бизнесті мақсатты қолдау бойынша айналым қаражатын толықтыруға 12 ай мерзімге 2%-бен, кепілге және/немесе "Алматы" ӘКК ішінара кепілдігіне 10 млн теңгеге дейін кредит беру өнімі енгізілетін болады.
 
2) Өтініштер бойынша негізгі қарызды өтеу бойынша кейінге қалдыру, сондай-ақ Almaty Finance және Almaty МҚҰ алдында айыппұлдар мен өсімпұлдардан 180 күнге дейін босату ұсынылады.
 
3) Қаланың барлық кәсіпкерлерін қолдау үшін несиелеудің ең ұзақ мерзімін жарты жылға, яғни 90 айға дейін ұлғайту, кепілсіз несиелендіру бойынша мөлшерлемені 12%-дан 9%-ға дейін төмендету қарастырылған.
 
Залалды бағалау үшін әкімнің орынбасары Ілияс Өсеров бастаған комиссия жұмыс істеуде. Оның құрамына мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, полиция және ТЖД қызметкерлері кірді.
 
Күн сайын комиссия төрағасы тұрғындар мен бизнестен туындайтын мүлікті қалпына келтіру және залалды өтеу мәселелері бойынша баспасөз брифинг өткізеді.
 
Сонымен қатар, Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесінің базасында жедел желі жұмыс істейді: ұялы телефондардан 13-08, қалалық нөмір - 338-33-88.
 
Бұған дейін Алматы бизнесмендеріне жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жағдайда не істеу керектігін айтқан болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны