17.03.2022, 17:40 111636

Наурыз мерекесіне қазақстандықтар бес күн демалады

Наурыз мерекесіне қазақстандықтар бес күн демалады
НҰР-СҰЛТАН. 17 НАУРЫЗ - Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн – 19, 20, 21, 22 және 23 наурызда демалады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
21-23 наурыз аралығында Қазақстанда Наурыз мерекесі атап өтіледі. 19 және 20 наурыз сенбі және жексенбіге түсетіндіктен, қазақстандықтар бірден бес күн қатарынан - 19, 20, 21, 22 және 23 наурызда демалады.
 
Еске салайық, 19 наурыздан бастап қазақстандық мектеп оқушыларында көктемгі демалыс басталады. Олар 12 күнге созылады - 2022 жылдың 19 наурызынан 30 наурызына дейін.
 
Алматыда Наурыз мерекесі аясында қаланың барлық аудандарында 80-нен астам түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Қала тұрғындары мен қонақтарын отандық әртістердің концерттері, ұлттық жарыстар, театр қойылымдары мен шоулар күтеді.
 
Негізгі іс-шаралар 21 наурызда сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін Панфилов, Жібек жолы және Төле би көшелерінде өтеді, онда 50-ден астам ШСП-дер, сәулет нысандары мен қондырғылар орнатылады. Жаяу жүргіншілер көшелерінде стильдендірілген киіз үйлер тігіліп, қолөнершілердің жәрмеңкесі, мейрамханалар аллеясы, суретшілердің көрмелері мен балалар аймақтары ұйымдастырылады.
 
Панфилов пен Қарасай батыр көшесіндегі шағын сахнада сағат 11.00-17.00 аралығында концерттік бағдарламамен П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері, балалар шығармашылық ұжымдары, диджейлер мен интерактивтер, Диана Шарапова мектебі және Мұрат Мұтұрғанов өз өнерлерін көрсетеді.
 
Жібек жолы көшесіндегі сахнада сағат 11.00-17.00 аралығында "Алматы Әуендері", "Бозторғай" Халықаралық балалар фестивалі концерттік бағдарламасын ұсынса, диджейлер мен интерактивтер және шығармашыл жастар өз өнерлерін көрсетеді.
 
 "Алатау" дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін концерттік бағдарлама, ұлттық дәстүрлер көрсетілімі ұйымдастырылады, сағат 16.00-ден кешкі концерт басталады.
 
Қаламыздың негізгі концерті 21 наурыз күні сағат 12.00-де ҚБТУ ғимараты алдындағы "Астана" алаңында өтеді. Көрермендерге қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін барабандар, дауылпаздар мен қобыздарды қолдана отырып театрландырылған шоу ұсынылады.
 
Осы іс-шара үшін арнайы заманауи өңдеуде музыкалық этно-фольклорлық композиция жазылды. Мерекелік концертке барлығы 500-ден астам әртіс қатысады. Сонымен қатар, сахнада 100-ден астам адам өнер көрсетеді.
 
Қойылымда Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Жамиля Серкебаева, Рухия Байдукенова, Тамара Асар, Парвиз Назаров, Ситора, Дильназ Ахмадиева, Диана Шарапова, ДинаЯ, Ардақ Балажанова, Айгүл Елшібаева, Айгүл Қосанова, Ерлан Рысқали, Ерболат Чалдыбеков, Ардақ Балажанова, Әли Оқапов, "KeshYou", "Блокбастер" шоу-балеті, домбырашылар ансамблі, "Салтанат" би ансамблі, "Сарын" тобы, "Filigram" шекті аспаптар квартеті және т.б. қатысады.
 
Театр қойылымдарымен қатар ретро мотивтер, сондай-ақ заманауи композициялар ұсынылады. "Бозторғай" балалар хоры Наурыз мейрамына арнайы жазылған қазақ және орыс тілдерінде "Бейбітшілік бүкіл әлемде" ("Мир всем мире") әнін орындайды.
 
21-22 наурызда Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы алаңда "Қазақ әуендері" АҚ Нұр-сұлтан қаласының әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырады.
 
Сонымен қатар, мерекелік концерттер қаланың әр ауданында өтеді:
 
- Алмалы ауданында 22 наурыз күні сағат 12.00 – 17.00 аралығында М. Ганди атындағы паркте;
 
- Әуезов ауданында 21 наурызда сағат 11.00-15.00 аралығында Әуезов ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда;
 
- Алатау ауданында 22 наурызда сағат 11.00-14.00 аралығында "Алатау" ДӨТ алдындағы алаңда;
 
- Бостандық ауданында 21 наурыз күні сағат 11.00-13.00 аралығында "MEGA Centеr" СОО амфитеатрында;
 
- Жетісу ауданында 21 наурыз күні сағат 11.00-14.00 аралығында "Гүлдер" саябағында;
 
- Медеу ауданында "Ұлыстың ұлы күні – Наурыз" бағдарламасы 20 наурыз күні сағат 11.00-15.00 аралығында ҚР Ғылым академиясының алдындағы алаңда;
 
- Түрксіб ауданында – "Көктем шақырады" бағдарламасы 20 наурыз күні сағат 12.00-15.00 аралығында С. Сейфуллин атындағы паркте;
 
- Наурызбай ауданында 21 наурызда сағат 11.00-15.00 аралығында Абай даңғылында (Алатау көшесінен Тараз көшесіне дейін).
 

Мереке кезінде барынша қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша күшейтілген режим қабылданатын болады. Қала көшелерінде мерекелік іс-шаралар барысында қажет болған жағдайда құқық қорғау органдары тексерулер жүргізеді, оның ішінде тыйым салынған заттарды алып жүруді анықтау үшін. Қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарынан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады қала әкімдігі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны