04.04.2022, 17:34 14201

Көлсайда ер адам итті құтқару үшін мұзды суға секірді

Көлсайда ер адам итті құтқару үшін мұзды суға секірді
Сурет: © Фото Уәлихан Бейсабаевтың жеке мұрағатынан
АЛМАТЫ. 4 СӘУІР - Көлсай көлінде ер адам мұздай суға секіріп, батып бара жатқан итті құтқарып қалды.
 
Оқиға сенбі, 2 сәуір күні болды.
 
Сол күннің қаһарманы Уәлихан Бейсабаев. Ол - Қарағанды қаласында фельдшер болып жұмыс істейді. Көлсайға әйелімен және достарымен демалуға келген.
 

Біз иттің мұздың үстінде жүргенін көрдік, кейін ол мұз астына құлап кетті. Біз бәріміз жағада уайымдап, қарап тұрдық. Кейін оның өз бетінше шыға алмайтынын түсіндік. Мен өзім фельдшермін, адамдарға көмектесемін, сондықтан мен қол қусырып қарап тұра алмадым. Бірден суға секірдім. Ит жағадан алыстау жерде болды. Мен қайтып келе жатқанда шаршап, әлсіредім. Достарым үлкен таяқтың көмегімен мені мұзды судан жағаға шығарды. Мен судың суықтығын итті құтқарғаннан кейін ғана сездім. Сосын аяғым тартылды, бірақ қорқыныш болған жоқ", - дейді Уәлихан Бейсабаев.

 
Айтуынша, сол күні дене қызуы көтерілген, қазір жағдайы жақсы.
 

Менің мамандығым, міндетім адамдарды құтқару, осы жолы итті құтқардым. Өйткені, тірі жан", – дейді ол. 

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны