13.04.2022, 16:32 28511

Алматының бірқатар көшелеріне жаңа атаулар беріледі

Алматының бірқатар көшелеріне жаңа атаулар беріледі
АЛМАТЫ. 13 СӘУІР - Алматыда қала әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде бірқатар көшелерге жаңа атаулар беріледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Алматы әкімдігінің "Ашық НҚА" сайтында жарияланған қаулысына сәйкес, келесі көшелерге жаңа атаулар беріледі:
 
Алатау ауданы бойынша "Нұркент" шағын ауданындағы:
 
- жобалық атауы № 1-көшені – Аднан Мендерес көшесі;
 
Бостандық ауданы бойынш "Ерменсай" шағын ауданындағы:
 
- жобалық атауы №2-көшені – Жақсылық Үшкемпіров көшесі;
 
- жобалық атауы №4-көшені – Қаршыға Ахмедияров көшесі;
 
- жобалық атауы №5-көшені – Шолпан Жандарбекова көшесі;
 
Бостандық ауданы бойынша "НұрАлатау" шағын ауданындағы:
 
- жобалық атауы №12-көшені – Ғазиза Жұбанова көшесі;
 
- жобалық атауы №13-көшені – Кәкімбек Салықов көшесі;
 
Бостандық ауданы бойынша "Нұрлытау" шағын ауданындағы:
 
- жобалық атауы №6-көшені – Роза Жаманова көшесі;
 
Медеу ауданы бойынша:
 
- жобалық атауы №2-көшені – Тимофей Седельников көшесі;
 
- жобалық атауы №7-көшені – Мәшһүр Жүсіп көшесі;
 
Медеу ауданы бойынша "Алатау" шағын ауданындағы:
 
- жобалық атауы № 14-көшені – Лев Гумилев көшесі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны