15.04.2022, 17:06 23696

"Астанаэнергосбыт" төлемдерді негізсіз өсірген

Тексеру барысында жүгінген 56 тұтынушының 32-сіне 129 мың теңге мөлшерінде негізсіз сома қойылғаны анықталды.
"Астанаэнергосбыт" төлемдерді негізсіз өсірген
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 15 СӘУІР - Астаналық тұтынушылардың өтініштері негізінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментпен бірігіп "Астанаэнергосбыт" ЖШС-на қатысты электрмен жабдықтау қызметтері үшін төлемге көтеріңкі шоттарды қоюдың негізділігі тұрғысынан жоспардан тыс тексеру өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сай, "Астанаэнергосбыт" ЖШС бағаларды мемлекеттік реттеу, оның ішінде баға белгілеу тәртібін сақтау жөніндегі міндет қолданылатын қоғамдық маңызы бар нарықтың субъектісі болып табылады.
 

Осылайша, "Астанаэнергосбыт" ЖШС әрекеттерін тексеру қорытындылары бойынша электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты тарифтерді саралау кезінде төлем сомаларын есептеу тәртібін бұзушылықтар анықталды, бұл тұтынушыларға төлемге қойылған негізсіз жоғары сомаларға алып келді. Тексеру барысында жүгінген 56 тұтынушының 32-сіне 129 мың теңге мөлшерінде негізсіз сома қойылғаны анықталды. Мысалы, тұтынушылардың бірі бойынша төрт айда артық төлемнің жалпы сомасы 17 мың теңге құрады (Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушылардың 4,5 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы орташа төлем кезінде). Осыған байланысты, "Астанаэнергосбыт" ЖШС-на қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 167-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, оған сәйкес 2000 АЕК немесе 6 млн теңгеден жоғары мөлшерде айыппұл көзделген", - деп хабарлады комитетте.

 
Одан бөлек, "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ның атына электр энергиясын төлеу сомасы заңсыз есептелген елорданың барлық тұтынушыларына төлем сомасын қайта есептеуді жүргізу арқылы жол берілген бұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама енгізілді.
 
Сонымен қатар, тұтынушылар ұсынылған шоттардың негізсіз артық көтерілгенін анықтаған жағдайда, қайта есептеу жүргізу үшін "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ның атына жүгінуге құқылы.
 

"Астанаэнергосбыт" ЖШС-ның тарапынан қайта есептеуден негізсіз бас тартқан жағдайда, тұтынушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне жүгінуіне болады", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны