18.04.2022, 17:29 11991

Семей полигонындағы сынақтардан зардап шеккендерге өтемақы төлеу құқығына куәлікті онлайн ресімдеуге болады

Семей сынақ полигоны аумағында 1949-1965 жылдар аралығында, сондай-ақ 1966-1990 жылдар аралығында өмір сүрген азаматтар eGov.kz порталында жаңа қызметтің көмегімен мемлекеттен төлем ала алады.
НҰР-СҰЛТАН. 18 СӘУІР - Семей сынақ полигоны аумағында 1949-1965 жылдар аралығында, сондай-ақ 1966-1990 жылдар аралығында өмір сүрген азаматтар eGov.kz порталында жаңа қызметтің көмегімен мемлекеттен төлем ала алады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекеттік қызметтің көмегімен азаматтарға жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәлік алу мүмкіндігі беріледі. Жаңа қызмет eGov.kz порталында тегін көрсетіледі және 2022 жылдан бастап қолжетімді. Қызмет іске қосылғаннан бері 311 азамат онлайн режимінде куәлік пен өтемақы алуға өтініш берді", - деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

 
Осындай қызмет еліміздегі ХҚКО-ның көмегімен де көрсетіледі. Тек 2021 жылдың өзінде 7 мыңға жуық адам қағаз түрінде өтініш берген.
 

Бұл қызмет бұрын ХҚКО арқылы қағаз түрінде ғана көрсетілетін. Азаматтаға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, қызметті онлайн форматқа көшірдік. Бұл Семей өңірінің тұрғындары үшін өте маңызды әрі қажетті қызмет деп ойлаймыз. "ҰАТ" АҚ ұжымының атқарған жұмысының арқасында онлайн мемлекеттік қызметтердің тізімі күннен-күнге өсіп келеді", - деп "ҰАТ" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин атап өтті.

 
Қызметті пайдалану үшін egov.kz порталына кіріп, басты бетте "Әлеуметтік қамсыздандыру" бөлімін ашып, "Отбасыларға көмек" тармағын таңдап, қажет қызметті таңдау қерек. Әрі қарай, пайдаланушы:
 
  • порталда авторизацияланады;
  • онлайн қызметке тапсырыс береді;
  • барлық қажетті жолдарды толтырады;
  • ЭЦҚ немесе екі факторлы аутентификация көмегімен өтінімге қол қояды.
 
Баспасөз қызметінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 20 жұмыс күні ішінде қалыптастырылатынын және пайдаланушының "Жеке кабинетінде" хабарлама ретінде сақталатынын түсіндірді. Хабарламаны алғаннан кейін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен жеке куәлікті / жеке куәліктің телнұсқасын алуы қажет.
 
Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы өңірлер, республикалық маңызы бар қалалар және мемлекет астанасы бойынша өтемақы төлеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны