10.05.2022, 15:59 16111

Қазақстанда "Алтын белгі" төсбелгісін алу талаптары күшейтілді

Қазақстанда "Алтын белгі" төсбелгісін алу талаптары күшейтілді
Сурет: aktobetimes.kz
НҰР-СҰЛТАН. 10 МАМЫР - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды, бұйрықта "Алтын белгі" төсбелгісін алу талаптары айтарлықтай күшейтілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша "үздік" деген баға алған оқушылар "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткер бола алады", - деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-каналында.

 
Сондай-ақ, талапкерлер НЗМ базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. 
 

Бұл шара академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын түсіну маңызды. Бұл ретте НЗМ-де емтихан тапсыратындарға да, жалпы білім беретін мектеп базасында тапсыратындарға да тапсырмалар бірдей болады", - деп түсіндірді министр.

 
Ол былтыр мектеп бітірушілер рекордтық "Алтын белгі" алғанын атап өтті. Алайда кейбіреулері ҰБТ нәтижесі бойынша төмен балл алды. 
 

Осыған байланысты үміткерлерді үздік белгісіне объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өтеді", - деді Аймағамбетов.

 
Биыл мектеп бітірушілер емтиханды өз мектебінде тапсырады. Сондай-ақ, белгіден бас тарту туралы өтініштер жарамсыз. Талаптарға сай келетін үміткерлер белгіленген тәртіпте қорытынды аттестациядан өтеді.
 

Нормалар келесі жылдан бастап күшіне енгенімен, биыл ҰБТ қорытындысы бойынша үздік белгісін берудің объективтілігі бағаланады. Осыған байланысты мектеп әкімшілігі, білім басқармалары мен бөлімдері қорытынды емтихандарының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір жағдай бойынша ҰБТ нәтижелерінің қорытындыларына талдау жүргізіледі", - деді БҒМ басшысы.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны