13.05.2022, 16:55 18626

Қандас мәртебесін онлайн режимінде алу мүмкін болды

Қазақстан Республикасының аумағына бұрын тұрған және қайта келген этникалық қазақтар eGov.kz порталында қандас мәртебесін алуға немесе оны ұзартуға өтінім бере алады.
НҰР-СҰЛТАН. 13 МАМЫР - EGov.kz порталында қандас мәртебесін беру немесе ұзарту мемлекеттік қызметі қолжетімді болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасының аумағына бұрын тұрған және қайта келген этникалық қазақтар eGov.kz порталында қандас мәртебесін алуға немесе оны ұзартуға өтінім бере алады.
 

Енді eGov.kz порталында пайдаланушы өзіне, сондай-ақ отбасының барлық мүшелеріне аталған қызметке онлайн тапсырыс бере алады. Қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Пайдаланушыларға қойылатын міндетті талаптар - ЖСН және ЭЦҚ болуы", - делінген "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

 
Қызметті қолдану үшін пайдаланушы "Электрондық үкімет" (eGov.kz) порталында қажетті қызмет түрін таңдайды: қандас мәртебесін беру немесе ұзарту. Таңдалған қызмет түріне сәйкес пайдаланушы мәртебесін алу үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық жүйесі арқылы тексеру жүзеге асырылатын болады.
 
Барлық міндетті жолдарды толтырып, сұратылған құжаттарды қоса тіркеу қажет (файлдар pdf немесе jpg форматында).
 
Сондай-ақ, өтінім берген кезде пайдаланушы қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қажет отбасы мүшелері бойынша мәліметтерді толтыра алады. Отбасы мүшелерінің санына шектеу жоқ. Бұдан әрі қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қою қажет.
 
Қызмет көрсету нәтижесі - қандас куәлігі, жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімі не электрондық құжат нысанында пайдаланушының "жеке кабинетіне" жіберілген мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 4 жұмыс күні ішінде.
 
Бейне нұсқаулықты мына жерден көруге болады.
 
Сондай-ақ, қызмет көрсету қорытындысы бойынша қандас куәлігі egov.kz порталының "Цифрлық құжаттар" бөлімінде және Egov Mobile қосымшасында пайда болады.
 
Қызмет сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ХҚКО-ның және жергілікті атқарушы органдарында көрсетіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны