26.07.2022, 13:31 14801

Алматыда жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді

Суару жұмыстары күн сайын кестеге сәйкес түнгі уақытта күшейтілген режимде жүргізіледі.
АЛМАТЫ. 26 ШІЛДЕ - Ауа райының аптап ыстығына байланысты құрғақшылықпен күресу үшін қаланың барлық аудандарында жасыл желектерді суару жұмыстарын жиілетуге шешім қабылданды. Қажет болған жағдайда кейбір аумақтар күнде суарылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Суару жұмыстары күн сайын кестеге сәйкес түнгі уақытта күшейтілген режимде жүргізіледі. Сондай-ақ саябақтарда, гүлзарлар мен жасыл аймақтардағы жасыл желектер қосымша суарылады", - деді Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

 
Көптеген аумақтарда автоматтандырылған суару жүйесі қолданылады. Сондай-ақ мердігер мекемелер помпыны пайдаланады. Жаяу жүргіншілер көшелеріндегі көгалдар автоматты суару жүйесі мен су тасығыштардың көмегімен суарылады.
 
Қала аудандарының аумағындағы жұмыстарға қосымша 22 бірлік суару-жуу машиналары тартылды. 25 шілдеден 26 шілдеге қараған түні 22 машина 66 рейс жасап, жасыл желектерді суаруға 660 м3 су пайдаланылды. Қаланың автомобиль жолдары бойындағы көгалдарды суару алаңы 105 мың м2 құрады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны