28.07.2022, 16:29 14721

ИИДМ тұрғындардың шағымынан кейін "ҚазАвтоЖол" Түркістан филиалының басшысын қызметінен босатуды ұсынды

Қоғам төрағасының орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды.
ИИДМ тұрғындардың шағымынан кейін "ҚазАвтоЖол" Түркістан филиалының басшысын қызметінен босатуды ұсынды
ТҮРКІСТАН. 28 ШІЛДЕ - ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті тұрғындардың шағымдарына шұғыл әрекет етті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ел тұрғындары тарапынан болған сынға байланысты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Түркістан облыстық филиалының директорын қызметінен босату туралы шешім қабылдауға ұсыныс берілді. Қоғам төрағасының орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды.
 
Сонымен қатар, жолдарды күтіп ұстау сапасын тиісінше бақыламағаны үшін "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" ШЖҚ РМК өңірлік филиал басшысына қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.
 

Бүгінгі таңда бетон плиталарының көтерілуіне жол бермеу мақсатында плиталардың жылжуына арналған технологиялық тігістерді дереу тазарту шаралары қабылданды. Сондай-ақ, микросюрфейсинг төсеу жұмыстарын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұдан бөлек, кеңейтудің температуралық тігістерін күнделікті патрульдеу ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

 
Ведомствода аталған мәселе ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің ерекше бақылауында екенін атап өтті. Плиталардың өзгерген орындарында талдау жүргізілді. Соның негізінде тиісті бұйрықтар берілді.
 
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан - Шымкент ақылы тас жолында аптап ыстықтан бетон плитасы көтерілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны