28.09.2022, 13:57 10971

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін балабақшаларға қойылатын талаптар күшейтілді

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін балабақшаларға қойылатын талаптар күшейтілді
АСТАНА. 28 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанның оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейтетін бұйрықтың қабылдануы туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Енді мемлекеттік тапсырыс балаларға қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған жаңа ережелер бойынша орналастырылады, деді Аймағамбетов.
 
Келесі қосымша талаптар енгізілген:
 
  • өртке және терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағдай жасау. Сондай-ақ дабыл түймесі мен ішкі дауыстық ескерту жүйесі болуы қажет;
  • міндетті түрде бейнекамералар орнату;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасау;
  • балабақша ғимараттары мен үй-жайларының санитарлық нормаларға сәйкестігі;
  • балаларға қолайлы пәндік дамыту ортасын қалыптастыру үшін балабақшаларды қажетті құрал-жабдықтармен және жиһаздармен жабдықтау;
  • медициналық көмек көрсетумен қамтамасыз ету.
 
Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Тәрбиешілердің балалармен жұмыс істеуі үшін тиісті біліктілігі және/немесе білімі болуы қажет.
 
Бұдан басқа, мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі өзгертілді. 
 

Бұрын білім басқармалары мемлекеттік тапсырысты орналастырған кезде белгілі бір балабақшаға нақты орын санын көрсетсе, енді барлық талапқа сәйкес келетін балабақшалар мемлекеттік тапсырыс алатын ұйымдардың жалпы тізбесіне енгізіледі. Содан кейін ата-аналардың өздері балабақшаға жолдама алған кезде осы тізімнен нақты балабақшаны таңдай алады. Яғни қанша ата-ана балабақшаны таңдаса, сол орындарға сәйкес қаржыландыру балабақшаға түседі", - деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігінің басшысы.

 
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырысты алу үшін құжаттар саны қысқартылды. Егер бұрын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар көп құжатты ұсыну қажет болса, енді тізім 4 құжатқа дейін қысқартылды. Қалған құжаттар ақпарат жүйелерінен алынады.
 
Электронды түбіртектер енгізіледі.
 

Бұл шара "жалған орынға" айналған тәуекелдерді азайтуға көмектеседі. Яғни мектепке дейінгі ұйым қаржыландыру алып, бірақ балалардың мәлімделген саны сәйкес келмеген жағдайда", - деді Аймағамбетов.

 
Енді білім басқармаларына мемлекеттік тапсырысты орналастыру Тізбесіне енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін балабақшалардың жұмысымен, жағдайымен танысу құқығы берілді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында мұндай мониторинг міндетті түрде балабақшалар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен жүргізілуі керек.
 
Министр, сондай-ақ, рәсімнің ашықтығы үшін өтінімдер мен барлық құжатты комиссия міндетті түрде бейне және аудиожазбамен қарайтынын атап өтті.
 

Сонымен бірге мемлекеттік тапсырысты алу үшін берілген өтінімдер мен құжаттарды енді білім бөлімі сайтқа орналастыруы тиіс. Қоғам ұсынылған құжаттарды көре алуы үшін және соның негізінде осы мектепке дейінгі ұйымдар мемлекеттік тапсырыс алушылар тізіміне енгізілген. Бұл шара сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, мемлекеттік тапсырысты орналастырудың ашықтығын қамтамасыз етуі керек", - деп қосты министр.

 
Премьер-Министр 1 қарашаға дейін балабақшаларды лицензиялау мәселесін пысықтауды тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны