04.10.2022, 14:47 16326

Қазақстан мен Мальдив арасында тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық база құрылды

Уағдаластық әрбір тарап үшін аптасына 7 тұрақты рейсті орындау мүмкіндігін көздейді.
Қазақстан мен Мальдив арасында тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық база құрылды
Сурет: ААК
АСТАНА. 4 ҚАЗАН - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) ассамблеясының 41-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан мен Мальдив Республикасы арасында тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық база құрылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұған дейін елдер арасында құқықтық базаның болмауына байланысты тек чартерлік рейстер орындалған болатын", - деп нақтылады ҚР Азаматтық авиация комитетінде.

 
Мальдив тарапынан құжатқа Көлік және азаматтық авиация министрі Айшат Нахула ханым, Қазақстан тарапынан Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев қол қойды.
 

Уағдаластық әрбір тарап үшін аптасына 7 тұрақты рейсті орындау мүмкіндігін көздейді", - деп атап өтті ААК.

 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Мальдив аралдарымен визасыз режим туралы келісімді бекітті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны