06.10.2022, 15:16 17196

ҚР ТЖ министрі өңірлік ерте құлақтандыру жүйесін құруды ұсынды

Мәселенің өзектілігін Орталық Азия елдерінің төтенше ден қою ведомстволары растады.
ҚР ТЖ министрі өңірлік ерте құлақтандыру жүйесін құруды ұсынды
ДУШАНБЕ. 6 ҚАЗАН - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Орталық Азия елдерінің төтенше ведомстволары басшыларының Душанбедегі кеңесі барысында өңірлік ерте құлақтандыру жүйесін құруды ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Орталық Азия өңірі ТЖ-ның барлық дерлік түрлеріне бейім, олардың көпшілігі трансшекаралық сипатта болады. Кездесуде Ю. Ильин ТЖ қаупі және туындауы туралы ерте құлақтандыру мен өзара хабарлаудың өңірлік жүйесін құру жөнінде ұсыныс жасады", - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

 
Мәселенің өзектілігін Орталық Азия елдерінің төтенше ден қою ведомстволары растады.
 
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық тараптың ұсынысы шеңберінде сейсмикалық датчиктерді ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия елдеріндегі қолданыстағы ТЖ мониторингі жүйелерінің метеорологиялық, гидрологиялық және басқа датчиктерін интеграциялау жоспарлануда.
 

Бұл бастама сейсмикалық, сел, көшкін, сырғыма қаупі жоғары жергілікті жерлерде ТЖ туралы ерте хабарлауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ведомствода.

 
Министрлер кездесуінде ұсынылған мәліметтерге сәйкес, Орталық Азия климаттың өзгеруінің қолайсыз салдарымен күресте үлкен қауіп-қатерлерге тап болуда. Климаттың өзгеруінің сумен байланысты апаттарға әсері негізгі қауіптердің бірі болып танылды. Мәселен, температураның төмендеуі байқалады, бұл мұздықтардың еруіне және мұздық көлдердің пайда болуына әкеледі.
 

Аймақтағы мұздықтар көлемінің қысқаруының қазіргі қарқыны жылына 0,2-1% құрайды. Бұл факторлар су тасқыны қаупін тудырады. Бұл ретте, жер сілкінісі, сырғымалар, сел, қар көшкіні, техногендік сипаттағы тәуекелдер және т. б. сияқты тәуекелдерге көбірек көңіл бөлінеді", - деп қосты ТЖМ.

 
Кеңес аясында Ю.Ильиннің БҰҰ Еуропа мен Орталық Азиядағы апаттар қаупін азайту жөніндегі басқармасының Өңірлік кеңсесінің басшысы Октавин Биволмен және БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Марьясинмен, Түркияның табиғи апаттар мен төтенше жағдайларды басқару агенттігінің Вице-Президенті Исмаил Палакоглумен екіжақты кездесулері өтті, онда ТЖ алдын алу және жою ісіндегі ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны