10.10.2022, 15:27 14236

Елорда полициясы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті

Елорда полициясы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті
Сурет: Polisia.kz
Астана. 10 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Елордада мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының қатысуымен ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге байланысты Астана полицейлері бүгіннен бастап қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті.
 

10 қазан сағат 21.00-ден бастап стационарлық бақылау бекеттерінің базасында елорда аумағына кіруді бақылау күшейтілді, бекеттерде қызмет атқаруды тәулік бойы құрамында полиция қызметкерлері мен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері бар мобильді топтар жүзеге асырады", - деп хабарлайды Polisia.kz.

 
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға ерекше назар аударылатын болады.
 

Өткізілетін іс-шараларға байланысты қаланың жаңа әкімшілік орталығында жолдардың кейбір учаскелерінде қозғалысты уақытша ішінара шектей отырып, күзетілетін адамдарды сүйемелдеу жүргізілетін болады", - делінген ақпаратта.

 
Астана қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды және ыңғайлы болу үшін қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынады. Қауіпсіздік және көлік кідірістерін болдырмау үшін жол жүру маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Ақорда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін халықаралық іс-шаралардың анонсын ұсынды.
 
11-12 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидың Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланған.
 
12-13 қазанда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді.
 
13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында Президент мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
 
14 қазанда елордамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі және "Орталық Азия – Ресей" саммиті жоспарланған.
 
15 қазанда Қазақстанға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны