15.12.2022, 16:12 14351
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус ауруының өсуіне байланысты маска режимін қайтаруды ұсынады
Достарға айту
Бір айда КВИ-мен сырқаттанушылық 21%-ға өсті
Астана. 15 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда соңғы аптада КВИ-мен сырқаттанушылық 21%-ға - аптасына 1001 жағдайдан 1283 жағдайға дейін өсті, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында.
Оның айтуынша, қараша айының басынан бастап республикада КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.
Тәулігіне "КВИ+"-дің 235 дейінгі жағдайы және "КВИ-"-тің 40 дейінгі жағдайы тіркеледі", - деді Ажар Ғиният.
Бұл ретте, оның айтуынша, барлық өңірлер - жасыл аймақта. Алайда, 15 өңірде R көрсеткіші 1-ден жоғары, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің (БСД) қаулысына сәйкес R көрсеткіші 1-ден жоғары болған кезде қоғамдық орындарда маска кию ұсынылады және халық арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет", - деп атап өтті министр.
ҚР ДСМ деректері бойынша, соңғы реттілік қорытындысы бойынша республикада ВА.5 - 86%, ВА.4 - 5%, BQ.1.1 - 0,5%, ВА 5 кіші түріндегі Омикрон штаммы нұсқасының, басқаларының 8,5% айналымы расталды.
Республика бойынша инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылуы - 13%-ды (2136 төсектің 296-сы), реанимациялық төсектердің - 3%-ын (352 төсектің 12-сі) құрайды.
Тиісті контингентті уақтылы ревакцинациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың жеткіліксіз екенін, бұл халықтың иммунизацияланбаған тобының жинақталуына, аурудың неғұрлым ауыр түрлерін тіркеуге, ал қосалқы аурулар мен өлім-жітім болған жағдайда тіркеуге ықпал ететінініне назар аудару қажет. Осыған байланысты ЖАО-ға тиісті топтарды ревакцинациялауды және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсыруды сұраймын", - деп атап өтті А.Ғиният.
ЖАО басшыларын министр КВИ-ға қарсы вакцинациялау мен ревакцинациялау жүргізуді жандандыруға; келіп түсетін вакцина партиясының 60-90°С температуралық режимде сақталуын қамтамасыз етуге; халықты ревакцинациялаудың маңыздылығы туралы халықтың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуге шақырды.
Бұған дейін Қазақстанның солтүстігінде скарлатина және коронавируспен сырқаттанушылық артып келе жатқаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.11.2024, 12:43 241
Жыл басынан бері 16,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Достарға айту
2024 жылы 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 144,9 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,9%-ы Қытайдан, 39,2% - Өзбекстаннан, 5,8% - Моңғолиядан, 5,2% - Түрікменстаннан, 2,8% - Ресейден және 1,1% басқа елдерден.
Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,2%-ды және зейнеткерлер 9,4%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,8%-ы жоғары білімді, 24,8%-ы орта кәсіби білімді, 54,4%-ы жалпы орта білімді, және 3% білім жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 841 қандас қоныс аударды.
Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады - бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге - бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.
Жыл басынан бері 2 390 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 763 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылда пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылды. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда этникалық қазақтардан жаңа форматта 21 166 өтініш қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 17:28 22886
Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Достарға айту
23-24 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Алматы облысы фермерлері мен Алматы қаласы ауылшаруашылық өндірушілер қатысады, деп хабарлайды Алматы қаласының баспасөз қызметінен.
Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.
Өнімнің жалпы көлемі 250 тонна құрайды, оның ішінде:
* Ет өнімі - 50 тонна;
* Жеміс-көкөніс өнімі - 100 тонна;
* Сүт өнімі - 45 тонна;
* Балық өнімдері - 5 тонна;
* Өзге өнімдер - 50 тонна.
Жәрмеңке өтетін орын - Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.
Құрметті көлік иелері!
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 22 қарашада сағат 20:00-ден 24 қарашада 20:00-ге дейін жабылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз.
Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.11.2024, 16:29 26561
Қазақстандықтар жаңа жылда 1-4 қаңтар аралығында демалады
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар - 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.
Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 14:37 39406
2024 жылғы 1 қарашада 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Достарға айту
2024 жылғы 1 қарашада 76 мың отбасындағы 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты - ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 қарашаға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 126 мың балаға 4,5 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 14:52 52546
Алматыда "CareerTime" кәсіптік бағдар беру фестивалі өтті
Достарға айту
Алматы қаласының Нархоз университетінде "CareerTime" кәсіптік бағдар беру фестивалі өтті. Бұл ауқымды іс-шара жастардың кәсіби бағыт-бағдарын анықтауға және еңбек нарығының қажеттіліктерімен танысуға мүмкіндік берді. Фестивальге Алматы қаласының 26 жоғары оқу орны, 30 ірі компания 400 бос жұмыс орындарын ұсынды, ал қатысушылардың жалпы саны 2000-нан астам мектеп бітірушілері мен жұмыссыз жастарды құрады. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен "Almaty student’s week" апталығының аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
CareerTime" - бұл мектеп түлектері мен қала жастары үшін үлкен мүмкіндіктер алаңы. Бұл жерде олар еңбек нарығының жаңа талаптарымен танысып, жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілермен тікелей байланыс орната алады. Мұндай бастамалар жастардың кәсіби өсуіне және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді деп сенеміз", - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.
Фестиваль барысында қатысушылар үшін әртүрлі шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, IT және цифрлық дағдыларға арналған шеберлік сыныптар мен презентациялар, фитнес пен салауатты өмір салты бойынша шеберлік сыныптары және көркем сурет бойынша шығармашылық аймақтар да болды.
Бұл фестиваль маған болашағымды айқындауға көмектесті. Мен өзіме сәйкес келетін университетті тауып, оқу бағдарламасымен жақынырақ таныстым. Осылайша, мен бүгін өзім үшін нақты шешім қабылдадым", - деді фестивальге қатысқан 11 сынып оқушысы Айжан.
CareerTime" фестивалі білім беру, еңбек нарығы және шығармашылық бағыттардың тоғысуының тамаша үлгісі болды. Іс-шара жастардың кәсіби және жеке дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, келешекке сенімді қадам жасауға жағдай жасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш шара келесі жылы да жалғасын таппақ.
Сонымен қатар, іс-шара аясында жастар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 12:44 53366
Қазақстанда 21 қарашада радио мен теледидар өшіріледі
Достарға айту
Қазақстанда 21 қарашада радио мен теледидар өшіріледі, деп хабарлайды "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметінен.
Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
2024 жылдың 21 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!", деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.11.2024, 15:49 73841
315 мыңнан астам әйел азаматтар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Астанада өткен "Тұрақты даму басымдықтарын қалыптастырудағы ауыл әйелдерінің рөлі" атты Қазақстанның ауыл әйелдерінің VIІ Республикалық форумы аясында әйелдерді жұмыспен қамту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.
Асқар Биахметов өз сөзінде Мемлекет басшысы биылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жыл еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын қоғамда ілгерілетуге бағытталған Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғанын атап өтті.
Қазақстандағы әйелдер негізінен қызмет көрсету секторында, әсіресе білім беру мен денсаулық сақтауда жұмыс істейді, онда әйелдердің үлесі жұмыспен қамтылғандар санының 70% - дан астамын құрайды. Сонымен қатар құрылыс, көлік және өнеркәсіп сияқты салаларда әйелдердің үлесі айтарлықтай төмен. Бұл гендерлік еңбек бөлінісінің жаһандық тенденцияларын көрсететін күтім мен оқытуға байланысты мамандықтардағы әйелдердің жоғары үлесін көрсетеді.
Әйелдердің жартысы жоғары деңгейдегі дағдыларды қажет ететін позициялармен айналысады - бұл басшылар, кәсіпқойлар және мамандар. Кәсіпқойлар арасында әйелдердің үлесі 64% құрайды, бұл әйелдердің жоғары білікті қызмет салаларына қосқан үлесін көрсетеді", - деді вице-министр.
Сондай-ақ, ол гендерлік жұмыспен қамтудың салалық ерекшелігін көрсететін техникалық дағдыларды талап ететін кәсіптерде әйелдер ең аз жұмыс істейтінін атап өтті. Біліктіліктің төмен деңгейі біліктілікті қажет етпейтін жұмыстармен айналысатын әйелдердің 17%-на тән.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 315,5 мың әйел, оның ішінде 165,5 мың ауыл әйелдері қамтылды.
Жыл басынан бері жалпы 239,9 мың әйел жұмыспен қамтылды, оның ішінде 131,3 мыңы тұрақты жұмысқа, 108,6 мыңы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына орналастырылды, бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 45%-дан астамын құрайды", - деді Асқар Биахметов.
Форум аясында "Coca-Cola Belesteri-2024" байқауының жеңімпаздарын марапаттау және Салтанат Рахымбекова атындағы грантты тапсыру рәсімі өтті.
Сондай-ақ, "Әйелдер бастамаларын қолдау құралдары" панельдік сессиясы өткізіліп, "Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі", "Ауылдық әйелдерге арналған цифрландыру және жаңа технологиялар", "Ауылдық жерлердегі әйелдердің білімі мен кәсіби дамуы" сараптамалық алаңдары ұйымдастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.11.2024, 15:07 74151
Елімізде барлық топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін оңалтудың техникалық құралдарының қолжетімділігін арттыру көзделуде
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығының жобасын әзірледі. Құжат барлық топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін оңалтудың техникалық құралдарының қолжетімділігін арттыруға бағытталған, бұл олардың өмір сүру сапасына және қоғамға әлеуметтенуіне оң әсер етеді. Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 29 қарашаға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған, деп хабарлайды Министрліктің баспасөз қызметінен.
Мәселен, құжатта кресло-арбаларды ауыстыру мерзімдерін қысқарту көзделген. Бұл түзетулер көбінесе балалардың арбаларына қатысты. Сонымен, 7 жасқа дейінгі балалар үшін арбалардың барлық түрлерін үш жылдан кейін ауыстыру жоспарлануда. 7 жастан асқан балаларға: бөлмеде жүріп тұруға арналғандарды - 5 жылдан кейін, әмбебап - 4 жылдан кейін ауыстыру. Сондай-ақ, ересектерге арналған бөлмеде жүріп тұруға арналған арбаларды ауыстыру мерзімі бір жылға қысқарады, олар әр 6 жыл сайын ауыстырылады.
Айта кетейік, бүгінгі күні қолданыстағы заңнамаға сәйкес кресло-арбалармен қозғалатын балалар мен ересектер үшін бірыңғай ауыстыру мерзімі белгіленген: бөлмеде жүріп тұруға арналған кресло-арбаларға - 7 жыл, серуендеуге арналғанға - 4 жыл.
Сондай-ақ маңызды өзгерістердің қатарында мүгедектігі бар адамдардың барлық топтарын протездік-ортопедиялық аяқ киіммен, аппараттарға (протездерге) арналған аяқ киіммен, емдеу-профилактикалық құралдармен бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі таңда бұл қызметтер мүгедектік тобына байланысты мүгедектігі бар адамдарға өз қаражаты есебінен құнының 50% немесе 100% төлей отырып ұсынылады.
Бұдан басқа, бұйрық жобасын қабылдау веб-камерасы бар ноутбуктермен, сондай-ақ экрандық қол жеткізуді бағдарламалық қамтамасыз етуімен және сөйлеу синтезімен, сөйлеу синтезі бар портативті тифлокомпьютерлермен, Брайль шрифтімен кіріктірілген ақпаратты енгізу/шығарумен, зейнеткерлік жасқа толған мүгедектігі бар адамдармен қамтамасыз ету бойынша шектеулерді алып тастайды. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған техникалық құралдар тек еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар азаматтарға ғана беріледі.
Көру қабілеті бұзылған адамдардың өмір сүру сапасын арттыру үшін ойнатқышты үлкен техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін мамандандырылған тифлофлешплейерге ауыстыру көзделген.
Ұзақ уақыт төсек режиміндегі мүгедектігі бар адамдар үшін декубитке қарсы матрацпен және функционалдық механикалық медициналық төсекпен қамтамасыз ету көзделген.
Сонымен қатар ымдау тілі маманының қызметтерін онлайн форматта (байланыссыз) көрсетуге медициналық көрсеткіштер қайта қаралды, бұл оларға тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
25.11.2024, 10:19Астананың екі тұрғыны есірткі таратқаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды 25.11.2024, 10:34 131Елорда тұрғындарына ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына дайындық жүргізілетіндігі туралы ескертілді
22.11.2024, 11:48 95266ҚР Премьер-министрі Украинадағы жағдайға байланысты президенттің тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді22.11.2024, 11:55 94816Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 94461Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды22.11.2024, 13:44 91921Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 60-қа жуық мектепке айыппұл салынды22.11.2024, 13:49 91691Дмитрий Мун Қазақстанның цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
08.11.2024, 13:42 115016Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады01.11.2024, 16:38 113276Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 107446Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды07.11.2024, 17:05 100956Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды07.11.2024, 17:00 100496Шымкентте құны 70 млн теңге болатын учаске мемлекетке қайтарылды