20.12.2022, 13:57 9766

Екібастұзда ТЖ туындауына қатысы бар барлық адамдар жазаланады - Скляр

Апаттың себебі мен ТЖ жою алгоритмін құқық қорғау органдары тексеретін болады
Екібастұзда ТЖ туындауына қатысы бар барлық адамдар жазаланады - Скляр
Сурет: instagram/ete_ekb
Астана. 20 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр брифинг барысында Екібастұзда ТЖ туындауына қатысы бар барлығы жазаланатынын мәлімдеді.
 

Мүлдем барлығы, осы апаттың туындауына қатысы бар және өз әрекеттерімен жою мәселесін шешуді кешіктіргендер жауапқа тартылады", - деп сендірді ол.

 
Роман Скляр бұл Екібастұз тарихындағы ең ірі апат екенін атап өтті.
 
Оның айтуынша, апаттың себебі мен ТЖ жою алгоритмін құқық қорғау органдары тексереді.
 
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұз ЖЭО-дағы апатқала тұрғындарын 30 градус аязда жылусыз қалдырды. 130 тұрғын үй, сондай-ақ әлеуметтік нысандар: мектептер, балабақшалар мен ауруханалар жылытудан ажыратылды. Қалада төтенше жағдай жарияланды.
 
Екібастұз ЖЭО-дағы апат қала тұрғындарын 30 градус аязда жылусыз қалдырды. 130 тұрғын үй, сондай-ақ әлеуметтік нысандар: мектептер, балабақшалар мен ауруханалар жылытудан ажыратылды. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Әлеуметтік орталықтардың кейбір балалары мен қалалық аурухананың кейбір пациенттерін эвакуациялауға тура келді. Балабақшалар жұмысын тоқтатты, ал оқушылар уақытша қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.
 
30 қарашада Екібастұзда Үкімет мүшелерінің қатысуымен жедел штабтың отырысы өтті. Жиында ЖЭО-ның иелері апатқа байланысты барлық шығынды қала тұрғындарына толығымен өтейтіні, сондай-ақ жылумен қамту қызметіне қайта есептеу жүргізілетіні айтылды.
 
Энергетика министрі Болат Ақшолақов ЖЭО-дағы апатты уақтылы қаржыландыру арқылы болдырмауға болатынын айтты.
 
Павлодар облысының прокуратурасы ТЖ фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның тергеуін арнайы комиссия жүргізді.
 
Бейсенбіде бірінші вице-премьер Роман Скляр апаттың алдын-ала себептерін айтты. Оның айтуынша, станция қызметкерлерінің қате әрекеттерінен желідегі қысым күшейіп, соның салдарынан жылу трассаларында көптеген жарылулар орын алған және бұл өз кезегінде қазандықтардың тоқтап қалуына әкеліп соқты. Бейсенбіде Президент Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қызметінен босатты. Әлеуметтік желілерде бұрынғы басшы төтенше жағдай үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрады.
 
Апаттан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке проблемалы энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтаруды қарастыруды тапсырды.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны