10.03.2023, 09:02 24836

"Шымбұлақ" аумағына көліктің кіруіне шектеулер енгізіледі

Тау шаңғысы курортының аумағына 1 сәуірден бастап тек электромобильдер мен арнайы техника ғана кіре алады
"Шымбұлақ" аумағына көліктің кіруіне шектеулер енгізіледі
Сурет: Depositphotos
Алматы. 10 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - 1 сәуірден бастап қала билігі "Шымбұлақ" тау-шаңғысы курортының аумағына кіруді шектейді. Бұл көлік жүктемесін және қоршаған ортаға әсер ететін зиянды шығарындыларды азайту үшін жасалады. Бұған дейін қорғалатын табиғи аумаққа кіруге осында жылжымайтын мүлкі бар және сонда тұратын азаматтарға рұқсат берілген болатын, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
 
Алматы әкімдігінің деректері бойынша, Шымбұлаққа электромобильмен ғана кіруге болады.
 
Бұл тыйым төмендегілерден басқа барлық автокөлікке қатысты:
 
• электромобильдер;
 
• шұғыл, жедел, коммуналдық және арнайы қызметтердің арнайы техникасы мен көлігі.
 
1 қыркүйектен бастап "Медеу" МАТП аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге де кіру шектеледі. ШОБ өкілдеріне жеңілдікпен электромобиль сатып алуға мүмкіндік беріледі
 
 "Алматы" ӘКК" АҚ арқылы 7 жылға дейінгі мерзімге 6% жылдық мөлшерлемемен 30 млн дейін кепілді жеңілдетілген несие рәсімдей алады. Қарыз алушының өзінің сомасы 50%-дан кем болмауы керек.
 
Сарапшылардың пікірінше, бұл шара көліктен шығатын ластағыш заттардың көлемін азайта отырып ерекше қорғалатын табиғи аумақт қоршаған ортаға тигізетін кері әсерді төмендетуге мүмкіндік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны