14.03.2023, 12:36 17546

"Бурабай" ұлттық паркінің аумағында ағаштар заңсыз кесілген

Тергеу жүргізілуде
"Бурабай" ұлттық паркінің аумағында ағаштар заңсыз кесілген
Сурет: Polisia.kz
Көкшетау. 13 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Бурабай ауданының ПБ-не "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ақылбай орманшылығының аумағында заңсыз ағаш кесу фактісі анықталғаны туралы ақпарат келіп түсті. Ақмола полицейлері заңсыз ағаш кесу фактісін тергеп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, шығын - 700 мың теңге.

Ағаш дайындаумен айналысатын Қотыркөл ауылының тұрғынын анықтады. Заттай дәлелдемелер ретінде ЖК иесінен 20 текше метр ағаш тәркіленді. ҚР ҚК 340-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.


Polisia.kz

Бұған дейін Астанада кезекті ғимараттың құрылысы кезінде көпжылдық ағаштар кесілгені хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны