14.03.2023, 14:10 33021

Мусин: Қазақстанда қолайлы бағаға қолайлы интернет бар

Өзіме елдегі интернет ұнайды, деді Цифрлық даму министрлігінің басшысы
Мусин: Қазақстанда қолайлы бағаға қолайлы интернет бар
Сурет: Depositphotos
Астана. 13 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда қолайлы бағаға қолайлы интернет бар, деп мәлімдеді Үкімет кулуарында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Өзіме елдегі интернет ұнайды. Себебі мен әртүрлі елдерге баратындықтан, интернетті басқа елдерде қолданушылардың қалай пайдаланатынын көремін және бізде Қазақстанда қолайлы бағаға қолайлы интернет бар деп ойлаймын", - деді министр.


Бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алқасының отырысында Мусинді Қазақстандағы интернет сапасының төмендігі үшін сынға алған болатын.

Кейін цифрлық даму министрі Бағдат Мусин байланыс сапасының проблемалық мәселелері бойынша байланыс операторларымен жұмыс кеңесін өткізді.

Ол бұл мәселе ауылдарда ғана емес, елорданың сол жағалауындағы орталық көшелерде де өткір тұрғанын атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны