30.03.2023, 09:10 53396

Алматыда әлеуметтік желідегі заңсыз құмар ойындарды ұйымдастырушылар сотталды

Олар онлайн құмар ойындар үшін TikTok-та ставкаларды қабылдады
Алматыда әлеуметтік желідегі заңсыз құмар ойындарды ұйымдастырушылар сотталды
Сурет: Depositphotos
Алматы. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қалалық департаменті әлеуметтік желіде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың әрекетін тоқтатты. Олар жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

ҚМА мәліметтері бойынша, Алматы тұрғындары "TikTok" әлеуметтік желісінде ақшаны алу және ұтыстарды банк аударымдары арқылы берумен онлайн құмар ойындарды ұйымдастырды.

Тергеу барысында азаматтардың әлеуметтік желілерде 4 ай ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 миллион теңгеге жуық сомаға аса ірі көлемде кіріс алғаны дәлелденді. Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген ҚМА хабарламасында.


Сонымен қатар, сот заңсыз ойын бизнесі саласында аса ірі көлемде кіріс алу арқылы осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған 4 тұлғаға қатысты істі қарауда.

Ведомство әлеуметтік желілерде құмар ойындар ұйымдастыру заңсыз және ҚР "Ойын бизнесі туралы" Заңының нормаларына қайшы келетінін еске салады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны