06.04.2023, 13:02 44566

Атырауда ауаның ластану деңгейі ең жоғары болып қалып отыр

Атырауда ауаның ластану деңгейі ең жоғары болып қалып отыр
Сурет: Depositphotos
Төртінші күн Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр, сонымен қатар, екі кәсіпорында төтенше жағдай орын алды

Атырау. 6 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Атырауда ауаның ластану деңгейі ең жоғары болып тұр.
 
Атырауда ауадағы көміртегі тотығының мөлшері нормадан 130 есе артық, деп хабарлайды "Хабар 24".
 
Телеарнаның мәліметі бойынша, бақылау станциялары бір текше метрге 672 миллиграмды көрсетіп тұр. Ал рұқсат етілген норма 3-5 миллиграмм. Жел теңізден қалаға қарай соғып тұр. Сондықтан Атырауды түтін торлады.

 
Айта кету керек, осымен төртінші күн Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр. Жалын 130 гектар жерді шарпыған.
 
Сонымен қатар жергілікті мұнай өңдеу зауытының түтіні мен Kazakhstan Petrochemical Industries Inc-дің ауаға газ жағуынан да көмірқышқыл газы жоғарылап тұр. Экология министрлігі қаладағы жағдай мүшкіл деп дабыл қағып отыр.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны