21.04.2023, 08:48 10371

Алматыда екі автобустың қатысуымен болған апат туралы іс бойынша сот процесі жалғасуда

Сотталушы орындықта автобус жүргізушісі
Алматыда екі автобустың қатысуымен болған апат туралы іс бойынша сот процесі жалғасуда
Сурет: telegram/ALMATY_KRIS_P
Алматы. 21 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда екі автобустың қатысуымен болған ЖКО туралы іс бойынша атышулы сот процесі жалғасуда. Қоғамдық көлік жүргізушісі сотталушы орындықта.

Еске сала кетейік, көптің жанын түршіктірген қайғылы оқиға өткен жылдың қараша айында болған еді. №201 бағыттағы қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізуші де жол ережесін өрескел бұзған. Сондықтан, ол қылмыстық істе куәгер емес, күдікті атануы тиіс. Бүгін Алматыда өтіп жатқан кезекті сот процесінде марқұм болған Мұхит Исахановтың сенімді өкілі әрі қорғаушысы Бағдат Амандосұлы осындай талап-тілегін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.


Ол №201 маршрутты тақымдаған Азатжан Абдуллаев "өз ісіне немқұрайлы қарап, жол-көлік оқиғасының алдын алуға ешқандай әрекет жасамады" деп отыр. Сондықтан, соттан екінші жүргізушінің де іс-әрекетіне жан-жақты құқықтық баға беруді сұрады.

Мен бұл айыптаумен келіспеймін. Менің жолдасымды, яғни жәбірленушімнің Абсадықовтың жүргізген көлік емес, Абдуллаев жүргізген №201 автобус басып өлтірді. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, жол-көлік оқиғасының алдын алуға ешқандай әрекет жасамағандықтан оны күдікті деп тануыңызды өтінемін", - деді жәбірленушінің қорғаушысы Бағдат Амандосұлы.


Ал Алмалы аудандық сотының судьясы өндіріске түскен қылмыстық істі толық зерделемей, басқа адамға іс қозғау туралы шешім қабылдау әлі ерте екенін алға тартты. Әзірге оған ешқандай негіз жоқ. Бірақ Қылмыстық кодекстің 99-бабының талаптарына сай жәбірленушінің осы талап-тілегін қайта айтуына құқығы бар.

Қылмыстық процестік кодекстің 405-бабында көрсетілген, егер сот қылмыстық іс қарау барысында орын алған басқа да мән-жайлар, басқа біреудің осы қылмысқа қатысы барын, оның қылмысқа жасаған үлесін біліп отырса, сот жеке қаулы шығарып, мемлекеттің айыптаушы тарапынан сол әрекетке баға беру туралы қаулы шығарады. Сондықтан, қазіргі таңда талап-тілегіңізді қанағаттандырусыз қалдырамын", - деді Алмалы аудандың сотының судьясы Қайрат Иманқұлов.


Еске сала кетейік, көптің жанын түршіктірген қайғылы оқиға өткен жылдың қараша айында болған еді. Қаланың қақ ортасында екі қоғамдық көлік соқтығысып, 37 жастағы Мұхит Исаханов көз жұмған болатын. №98 автобустың ішінде болған марқұм қос көлік түйіскен кезде салоннан сыртқа құлап, екінші қоғамдық көліктің дөңгелегінің астында қалған. Бұл жол-көлік оқиғасына бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен №98 маршруттың жүргізушісі кінәлі деп танылды.

Ақпарат көзі: almaty.tv
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны