28.05.2023, 18:39 9961

ҚазҰУ мен Сеул Киберуниверситеті меморандумға қол қойды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 80-нен астам елдің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан.
Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары Сеул киберуниверситетінде тағылымдамадан өтеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

2 жоғары оқу орнының басшылары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Киберуниверситет 2000 жылы ашылған. Онда 17 факультет бар. Білім ордасы болашақ машина жасаушыларды, бағдарламашыларды, бизнесмендер мен аудармашыларды дайындайды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 80-нен астам елдің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан.

Сайбер университеті қазір дүниежүзілік денгейде онлайн оқытуда ең алдынғы қатарда, соңғы технологиялармен жараттанған ең үздік университеттердің қатарына кіреді. Мұғалімдерімізді, студенттерімізді тағылымдамадан өтуге, тәжірибе алмасуға жібереміз. Оқу мәселесінде біз ары қарай қарым-қатынасымызды, ынтымақтастығымызды дамытатын боламыз", деп мәлім етті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев,

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны