11.06.2021, 23:11 13980

Ақмола облысында өнер шеберлерінің байқауы өтті

КӨКШЕТАУ. 11 МАУСЫМ - Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Менің Отаным - менің Қазақстаным" сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен қолөнершілерінің облыстық байқауының аудандық кезеңдері жалғасуда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгін шығармашылық шара Астрахан ауданында өтті. Байқауға жергілікті шеберлердің ағаш, фетр, кесте тігу, киіз басу, тоқыма және басқа да бұйымдар бойынша бірегей және жарқын жұмыстары ұсынылды", - деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасында.

 
Байқауға қатысушыларды әділқазылар алқасы бағалады, оның құрамында "Қоғамдык келісім" КММ басшысы Ермек Нұғманов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Күләш Рахымжанова, Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ғұсман Төлеғұл, Астрахан аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынай Сейтжанов.
 

Әр көрме бізді ондағы жұмыстардың әсемдігімен, әр түрлі түрлерімен, орындау техникасымен және бұйымдар жасалған материалдармен таң қалдырады. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері өз композицияларында халқымыздың бай көпұлтты мәдениетін көрсетті, Отанға деген патриоттық сезімдерін, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін көрсетуге тырысты", - деп атап өтті қазылар алқасының мүшелері.

 

Байқау қорытындысы бойынша Астраханка ауылының тұрғыны Валентина Фомичева Гран-при иегері атанды. Ол тоқу бойынша түрлі жұмыстарды ұсынды", - деп бөлісті ІСБ.

 
Іс-шара соңында өңірдегі бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін "Қоғамдык келісім" КММ басшысының алғыс хаттарымен ауданның бірқатар белсенді тұрғындары марапатталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны