21.07.2021, 23:11 16729

Ақмола облысында волонтерлікті дамытудың жаңа жолдары талқыланды

КӨКШЕТАУ. 21 ШІЛДЕ - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Көкшетауда "Birgemiz" республикалық еріктілер фронт-офисінің өкілдері облыстың еріктілер корпусымен кездесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысыны ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кездесу барысында қатысушылар волонтерліктің жол картасын іске асыру, волонтерлік қызметті қолдау стандартын әзірлеу мәселелерін талқылады, волонтерлікті дамытудың жаңа бағыттары туралы идеяларымен және пікірлерімен бөлісті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
 
 "Birgemiz" республикалық еріктілер фронт-офисінің жетекшісі Татьяна Миронюк атап өткендей, бүгінде Қазақстанда 600-ге жуық волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Жыл сайын елімізде белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуге және мұқтаж адамдарға көмектесуге ниет білдірген еріктілер саны артып келеді.
 

Біздің кездесуіміз нәтижелі өтуде. Қатысушылар өз аймағында волонтерлікті жүзеге асыру туралы айтып жатыр, волонтерлік қызметті қолдау стандартына енгізу үшін өз ұсыныстарын енгізуде, волонтерлерді одан әрі дамыту жолдарын ұсынуда", - деп бөлісті Миронюк.

 
Кездесу соңында "Birgemiz" республикалық еріктілер фронт-офисінің өкілдері аудандар мен қалалардың жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері үшін есептіліктің жаңа нысандарын ұсыну бойынша оқыту өткізді.
 

Айта кетейік, ақмолалық еріктілер qazvolunteer.kz еріктілердің бірыңғай онлайн-платформасында белсенді қатысуда, онда 1 180 волонтер мен 90 ұйым тіркелген", - деп толықтырды ведомстводан.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны